Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Кедейлікті жою

Кедейлікті жою

Кедейлікті жою
AlmaU университеті БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – Мақсат 1 (Кедейлікті жою) аясында кедейшілік мәселесін шешуге белсенді түрде ат салысады. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде университет халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға және оның білім деңгейін көтеруге бағытталған көптеген бастамаларды жүзеге асырады.

AlmaU жоғары білімнің барлық әлеуметтік-экономикалық топтардан шыққан студенттер үшін қолжетімді болуын маңызды деп санайды. Төмен табысты студенттерді қолдау және білім алуға қаржылық кедергілерді азайту мақсатында AlmaU келесі көмек түрлерін және ресурстарды ұсынады:

  • Стипендиялар мен қаржылай көмек
  • Оқумен қатар жұмыс істеу мүмкіндігі
  • Тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмек
  • Кеңес беру қызметтері мен қолдау
  • Мансаптық өсу бағдарламалары

Университеттің кедейлікпен күрес бағдарламалары

Гранттар мен жеңілдіктер туралы ереже

«Алматы Менеджмент Университеті» КЕАҚ гранттары мен жеңілдіктерінің түрлері:

  • Әлеуметтік гранттар мен жеңілдіктер;
  • Мотивациялық гранттар мен жеңілдіктер;
  • Қызметкерлерге, ОПҚ-ға және олардың отбасы мүшелеріне арналған жеңілдіктер;
  • Президенттік жеңілдіктер;
  • Академиялық жеңілдіктер;
  • Маркетингтік жеңілдіктер;
  • Жоғары Бизнес Мектебі үшін жеңілдіктер.

Әлеуметтік гранттар мен жеңілдіктер:
Жетім студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге оқу кезеңінің барлығына 100% жеңілдік беріледі (оқу үлгерімі талаптарына сәйкес). Сонымен қатар I және II топтағы мүгедек студенттерге, көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге, ата-анасының бірі немесе екеуі I немесе II топтағы мүгедек студенттерге, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге, асыраушысынан айырылған студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

Мотивациялық гранттар мен жеңілдіктер:
Бір отбасынан шыққан бірнеше студент AlmaU-да білім алса; «МАБ Колледжі» ЖШС түлектері; «AlmaU Open Cup» шахмат турниріне қатысқан талапкерлер; университеттің стратегиялық серіктестерін даярлау курстарының (EDTech, Unidem) түлектері; АШЮ “АЛМА” (бұрынғы “Зейнеп” мектебі) түлектері; спорттық жетістіктері үшін; жыл сайынғы «Алтын тамға» студенттік сыйлығының жеңімпаздары мен жүлдегерлері гранттар мен жеңілдіктер ала алады.

Спорттық жетістіктерге арналған мотивациялық жеңілдіктер:
Олимпиада жүлдегерлері, спорт шеберлері мен чемпиондарға 100%, 30%, 15% жеңілдіктер бөлінеді.

Қызметкерлерге, ОПҚ-ға және олардың отбасы мүшелеріне арналған гранттар / жеңілдіктер.

Маркетинг басқармасының жеңілдіктері:
Қабылдау науқаны кезеңінде Маркетинг басқармасы келесі акциялар арқылы гранттар мен жеңілдіктер ұсынады: «Мега Шанс», «Дарын», «ТМД-да білімді ілгерілету халықаралық қоры».

Жоғары Бизнес Мектебі бағдарламалары үшін гранттар мен жеңілдіктер

Doctor of Business Administration (DBA) бағдарламасының тыңдаушылары үшін гранттар мен жеңілдіктер

Сонымен қатар студенттердің қаржылық жүктемесін азайту мақсатында оқу ақысын төлеу саясаты өзгертілді. Жылдық оқу ақысы 6 траншқа бөлінеді. Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда студенттер академиялық демалысқа шыға алады (Академиялық демалыс беру қағидаларына сәйкес).

Университетке түсу кезіндегі квоталар – мемлекет тарапынан нақты санаттағы талапкерлерге бөлінетін орындар. Бұл Қазақстанда білім алуға тең мүмкіндік береді.

Квоталар:

  • Соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
  • 18 жастан асқан I және II топтағы мүгедектерге;
  • Балалық шақтан мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға;
  • Жетім студенттерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
  • Ауыл жастары арасындағы студенттерге;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлтының студенттеріне;
  • Төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасынан шыққан студенттерге;
  • Кемінде үш жыл бойы толық емес отбасында тәрбиеленген студенттерге;
  • Балалық шақтан мүгедек балалары бар отбасынан шыққан студенттерге, сондай-ақ I, II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға.

2023–2024 оқу жылында 171 студент квота бойынша қабылданды.

2023–2024 оқу жылында AlmaU 300-ден астам студентке стипендиялар мен жеңілдіктер берді, оның ішінде 229-ы мүмкіндігі шектеулі немесе әлеуметтік осал отбасынан шыққан студенттер.

Сондай-ақ 2023 жылы Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындарына толық оқу кезеңіне 7 грант бөлінді.

Университет әлеуметтік аз қамтылған студенттерге қолдау көрсетеді (тұрғын үй, заңгерлік қызметтер) және олардың оқуын аяқтауына жағдай жасайды. AlmaU-ға түскен 1-курс студенттері жатақханаға мұқтаж екендігін көрсетеді. Университеттің инфрақұрылым бөлімі студенттердің тізімін жинап, жатақхана орындарын бөлу үдерісін қадағалайды. AlmaU студенттік инфрақұрылымы студенттерге арналған кеңес беру және менторлық орталығын қамтиды. Бұл орталықта студенттер академиялық (Мектеп әкімшілігімен), қаржылық (бухгалтериямен) және құқықтық (құқықтық бөліммен) сұрақтар бойынша кеңес ала алады.

Жатақханалар

Біз студенттерге жайлы жағдай ұсынамыз, сапалы тұру ортасын қамтамасыз етеміз. Жатақхана қызметтері студенттердің өмір сүру деңгейін және әл-ауқатын жоғары деңгейде ұстап тұруға бағытталған. AlmaU-да бір уақытта 100 студентке дейін қабылдай алатын екі заманауи жатақхана бар.

Жатақхана қызметтері:

  • Оқу мен жұмыс үшін тегін Wi-Fi
  • Дұрыс тамақ әзірлеуге мүмкіндік беретін жабдықталған ас үй
  • Тазалықты сақтау үшін ортақ аумақтарды күнделікті жинау
  • Белсенді демалыс үшін үстел теннисі және теледидары бар демалыс аймақтары
  • Автотұрақ
  • Қауіпсіздігіңіз үшін күзет және бейнебақылау
  • Таза ауада демалуға арналған жасыл саябақ аймағы

Университеттің студенттерге ұсынатын басқа қызметтері AlmaU Handbook-тан табуға болады.

Получить консультацию
Нажимая кнопку “Отправить” вы соглашаетесь на обработку персональных данных. Наш менеджер свяжется с вами в течении дня
Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок