Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Логистикалық хаб, маман жетіспеушілігі, цифрландыру

2023 жылдың 21 желтоқсаны Алматы Менеджмент Университетінде ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровпен кездесу өтті.

Кездесуге ЖОО студенттері, индустрия мен бизнес өкілдері қатысты. «Логистикадағы жаңа магистраль: Мемлекет-Бизнес-Университеті» диалог алаңында орта дәліздің дамуы, маман тапшылығы, көлік өндірісі сынды мәселелер талқыланды.

«Қазақстанның аумағы өте үлкен. Бізде 100 000 км-ден астам республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолы, 15.000 км-ден астам теміржол бар. Сондай-ақ 5 авиакомпания, 23 әуежай, 2 теңіз порты бар. Мұның бәрі – көлік пен логистиканың негізі. Біз қазір Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі хабпыз.

Логистика тек теміржол, автомобиль жолдарының құрылысы ғана емес, логистика – бұл барлық жеткізу тізбегін басқару. Яғни, бұл мультимодальді тасымалдау, цифрландыру және автомобиль жолдарының сапасын жақсарту.

Сондай-ақ, бізде кадр мәселесі бар. Шамамен 10 000 маман қажет. Осы мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігімен, университеттермен бірлесіп орасан зор жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті вице-министр Мақсат Қалиақпаров.

Жиынның да мақсаты мемлекет, бизнес және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық арқылы елдің экономикалық өсуі мен дамуына ықпал ететін тиімді және тұрақты логистикалық жүйені құру. Бұл ретте студенттер арнайы әзірлерген жобаларын таныстырды.

Ең алғаш боп Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенті Екатерина  Гоптаренко Теміртау қаласының қоғамдық көліктеріндегі төлем жүйесі, жүру жиілігі, қауіпсіздік мәселесін зерттей отырып, қала тұрғындарына қолайлы болатын шешімдерді ұсынды.

Логистика және көлік академиясының студенті Азамат Арсланбаев «Қазақстан Республикасындағы орта дәлізді дамыту» жобасын таныстырды. Ол орта дәлізді одан әрі дамыту арқылы инвесторлардың назарын Қарағанды облысына аударуды көздеп отыр.

Ал Азаматтық авиация академиясының студенті Маргарита Марсакова тасымалдаушыларды бір платформаға біріктіру арқылы қызмет көрсету мерзімін жылдамдату, қағазбастылықтан құтылу мәселесін шешуді ұсынды:

«LogInfo Company – тасымалдаушыларға, логистикалық тізбектің қатысушыларына арналған платформа.  Бұл – ортақ база, демек тасылмалдау процесі айтарлықтай жеңілдейді. Блокчейн заңды тұлғаларға арналған.  Яғни тасымалдау қауіпсіз,  жүк пен оның қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді».  Қарапайым тілмен айтқанда, тасымалдаушыларға арналған әлеуметтік желі.

Алматы Менеджмент Университетінің студенттері Григорий Подпорин мен Аружан Махмут еліміздегі логистикасы мәселесін Алматы облысында логистикалық хаб құру, кедендік өткізу пунктерінде «Квадро дәліз» инновациялық жүйесін қолдану, QR-код енгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Нигай, Мадина Махаматалиева, Коснижан Қайсарбек Қазақстанда теміржол көлігімен астық тасымалдауды ұйымдастыру процесін зерттеп, астық науқанында орын алатын көлік мәселесін шешу бойынша ұсыныстарын бөлісті.

Жиын барысында студенттер вице-министрге сала бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын да айтып үлгерді. Мақсат Қалиақпаров әр студенттің жобасын ерекше атап өтіп, келесі жылдан бастап сала мамандарын оқытуға грант санының артатынын айтты.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок