Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Медиа нарық: біз қауіп-қатер мен жандандыруға дайынбыз ба?

2023 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласында БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша XV жыл сайынғы салалық конференция өтті. Media Құрылтайдың серіктестерінің бірі AlmaU университетінің Медиа және кино мектебі болды.

Биылғы конференцияның басты тақырыбы Қазақстанның медиа нарығына төнген қауіп-қатер мен қайта жүктеу болды. Іс-шара аясында индустрияның өзекті мәселелерін қамтитын баяндамалар мен пікірталастар өтті. Ұйымдастырушылар қатысушыларға үш тілде талқылау жасауға мүмкіндік берді. Конференцияға тіркелген қатысушылар офлайн және тікелей эфирде қатыса алды.

Медиа сала-бұл теледидар, радио, баспа басылымдары, онлайн платформалар және бұқаралық коммуникацияны қамтитын кең сала. Бұл салада жаңалықтар, ойын-сауық мазмұны, жарнама ақпараттық өнімдер жасалады, таратылады және тұтынылады.

Алматыда XV жыл сайынғы салалық конференцияның қарқынды сессияларының бірі жас журналистің кәсіби жолын талқылау болды. Сарапшылар мен индустрия өкілдері журналистерге қойылатын талаптар, мамандықтағы қақтығыстар және Қазақстандағы журналистика нарығын дамыту перспективалары туралы өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен белсенді бөлісті.

Спикерлер AlmaU Медиа және кино мектебінің профессор-зерттеушісі Менликул Шиндалиева, СДУ журналистика мектебінің ассистент профессоры Есенгул Қапқызы, Stan.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы Назерке Мұса және әль – Фараби атындағы ҚазҰУ – нің журналистика факультетінің phd докторы Айкерім Әлімжанова болды.

Кәсіби дайындық креативтілікті, инновацияны және ақпаратты жинау мен ұсынудың стандартты емес тәсілдерін таба білуді дамытуға ықпал етеді.

Назерке Мұса пікірталасты журналистика факультетінің студенттері арасындағы сауалнама нәтижелерінен бастады. Жалақыға қатысты, заңнамалық факторлар туралы және жұмыс ұсыныстары жайлы студенттердің көзқарастары анықталды. Журналист Әсем Әлмұхамбетпен өткен сұхбатқа тоқталып, АҚШ-тағы білім беру мәселелері туралы тереңірек айтып берді.

Есенгүл Қапқызы көрнекті мамандарды қалыптастыру және плагиатқа қарсы тұру үшін сапалы білім берудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандағы журналистика нарығын дамыту туралы сұраққа жауап ретінде ол білім беру мекемелері студенттерге қажетті құралдарды ұсынуы тиіс екеніне тоқталдып кетті.

Әйгерім Әлімжанова Қазақстандағы және шетелдегі медиа нарықтың айырмашылықтарын атап өтіп, білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістемелерінің маңыздылығын айтты. Ол журналистердің кейбір қызмет салаларында материал дайындау барысында кездесетін мәселелерін атап өтті. Осыған байланысты нарықта «іскерлік журналистика», «бизнес коммуникация» және «медиа және кино» білім беру бағдарламалары пайда болғаның ескере кетті.

Ал Менликуль Шиндалиевна журналистика факультетіне арналған мемлекеттік грант туралы сұрақтарға жауап берді. Ол студенттердің оқу түріне қарамастан білімге белсенді түрде ұмтылатынын, бұл олардың болашақ табысының негізгі факторы екенін атап өтті. Өз ойын жалғастырып «медиа саласындағы жаңа буынның атынан бізде ақылы оқытуды таңдайтын студенттердің 70% – ы және мемлекеттік тапсырыс арқылы оқитын студенттердің 30% – ы бар. Маңыздысы, бұл бөлу оқу сапасына әсер етпейді. Әр студент әр пәннен барынша пайда алуға тырысып, оқу процесіне белсенді түрде инвестиция салады. Журналистиканың осы жан-жақты және талапшыл саласының қиындықтарын қаншалықты сәтті игере алатындығы олардың тілектері мен мақсаттарына байланысты» деді. Ол сондай-ақ мемлекеттік тілдегі материалдардың жетіспеушілігі туралы пікір білдіріп, тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.

Сессияда көтерілген мәселелерді университеттер арасындағы кеңейтілген конференцияда талқылау шешімімен аяқталды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок