2024 жылдың 26 қарашасында AlmaU Медиа және Кино мектебі мен Alternativa Film Project жобасымен бірлесіп Almaty Management University – дің қабырғасында Мирлан Абыдыкалыковтың «Қызды алып қашу» фильмінің көрсетілімі мен талқылауын өткізді.
Alternativa Film Project – inDrive жаһандық технологиялық компаниясы бастаған жобасы. Негізгі мақсаты әлемдегі әділетсіздік. теңсіздікпен күресу жолын кино арқылы жеткізу. Жоба кинематографистерді қолдауға және дамып келе жатқан киноиндустрияның жаңа таланттарын ашуға арналған.
«Қызды алып қашу» – қызды ұрлау мәселесін батыл бейнелегені үшін халықаралық деңгейде танымал болды. Фильм «Spotlight» номинациясында Alternativa Film Awards 2023 жүлдесін және Пусан халықаралық кинофестивалінде Jiseok бағдарламасының жүлдесін жеңіп алды. Фильм Орталық Азия мен посткеңестік елдерде әлі де жиі кездесетін проблеманы, яғни күштеп тұрмысқа шығарк мәселесін көрсетеді.
Медиа және Кино мектебінің деканы Салтанат Бердіқұлова өз сөзінде көрсетілім үшін бұл фильмді таңдаудың маңыздылығын атап өтті:
«Біз inDrive командасымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеміз және әртүрлі жобаларды бірге бастадық. Бұл фильмде қозғалатын проблема, біздің айналамызда әлі де болып жатыр. Біз, үлкен қалада болғандықтан, мұны байқамауымыз мүмкін. Аталмыш кинокартина адамның көзқарасын өзгертеді. Ең бастысы, фильм біткеннен, бұл сұрақты бірлесіп талқылаймыз. Сіздердің пікірлеріңізді есту біз үшін өте маңызды».
«Неге біз мұндай көрсетілімдерді өткізуді шештік? Біз кинематографияның белгілі бір әлеуметтік мәселелерге әсер ету қабілеті бар екеніне және оларды белсендірек шешуге итермелейтініне сенімдіміз. Біздің басты мақсатымыз – фильмнің көрерменге әсерін анализден өткізіп, сандар арқылы көрсету. Осылайша, біз қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге ықпал етуге тырысамыз», – деп бөлісті Еркежан Шалдыбаева, inVision inDrive іс-шарасының маманы.
Фильмнің басты кейіпкері – анасымен бірге тұратын, медбике болып жұмыс істейтін 19 жасар, арманшыл Үміт есімді бойжеткен. Болашаққа жарқын жоспарлар құрып, шетелде білім алуды армандайды. Алайда оның армандары оны күштеп тұрмысқа шығу үшін ұрлап әкеткен кезде бұзылады. Фильмде оның азапты жеңе отырып, басқалар құрған тұзақтан шығуға күш тапқаны бейнеленген. Фильмде сондай-ақ қоғамдық пікірдің әсері, осы ескірген дәстүрлердің жалғасуына ықпал ететін ата-аналардың қателіктері, заңсыздық мәселесі және мемлекеттік органдар тарапынан адамгершіліктің жоқтығы көрсетіледі.
Көрсетілім қызу пікірталаспен аяқталды. Қалыңдық ұрлау тақырыбы тыңдаушылардың әртүрлі реакцияларын тудырды, бірақ қатысушылар жеке шекараларды қорғау және Заңды құрметтеу маңыздылығы туралы бірауыздан пікір білдірді.
Іс-шара қортындысын Салтанат Бердіқұлова ашып айтты:
«Бұл мәселелер әрбір адамның және әрбір отбасының нормаларын қабылдау және түсіну мәселесі болып табылады. Жастармен жұмыс істейтін адам ретінде мен сізге өз ойыныздың болуы маңызды екенін жеткізуге тырысамын. Егер сіз осындай проблемалардың бар екенін көрсеңіз және өзіңізді қауіпсіз сезінбесеңіз, айтыңыз және сіздің өміріңізде мұндай жағдайдын болуына жол бермеңіз».
Бұған дейін AlmaU Медиа және Кино мектебі мен inDriver ынтымақтастығы аясында «Inner Drive» фильмінің арнайы көрсетілімі ұйымдастырылған болатын. Бұл деректі фильм ірі IT-компаниясының тарихын баяндайды, сонымен қатар оның дүние жүзіндегі әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күресіне назар аударады. Фильм компанияның тарихын көрсетіп қана қоймай, оның қызметімен байланысты адамдардың жеке өмірін де қозғады. Фильмдегі кейіпкерлердің арасында Индонезия мен Мексикадан келген жүргізушілер, сондай-ақ Нигериядан келген BeginIT білім беру бағдарламасының студентінің тарихы бар.