Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Мейрамхана бизнесін дамыту: сарапшылардың жетістіктерінің тарихы

AlmaU – дың Қонақжайлылық және туризм мектебі мен Qainar Bulaq AlmaU біріге отрырып алтыншы жыл сайынғы мейрамхана бизнесінің әртүрлі аспектілеріне арналған іс-шара ұйымдастырды.

Ол 2023 жылдың 27 қарашасында өтті және тәжірибе алмасу және сараптамалық талқылау алаңына айналды.

Модератор Тұрсынай Баратова өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісетін сарапшыларды кезегімен шақыра отырып дөңгелек үстелді бастап кетті.

Ақбота Нүсіпбаева үздік мейрамханалар мен олардың Instagram аккаунттарының мысалдарын ұсына отырып, мейрамхана бизнесі үшін әлеуметтік медианың маңыздылығын атап өтті. Ол сынды басқару және тұтынушыларды тарту стратегияларын талқылап, сын — бұл қызмет көрсету персоналының жұмысын жақсарту екенін айтты.

«MAG22» гастрономиялық журналының бас редакторы Яна Зекенова мейрамхана саласында отандық брендтерді қолдаудың маңызды мәселесін көтерді.

Ражан Мади Coffee River & Morocco кофеханалар желісінің аймақтық директоры және ол таңғы ас мәзірін жасау ерекшеліктерімен бөлісті.

Ал RSSO мейрамхана мектебінің негізін қалаушысы Сейтжан Оспанов кадрлардың ауысуы мәселесіне назар аудара отырып, персоналды басқарудағы негізгі ерекшеліктері айтып өтті. Ол студенттерге Global HR Hub платформасын жұмыс пен тағылымдама табу үшін жақсы мүмкіндік екедігін түсіндірді.

3F.kz компаниясының негізін қалаушысы Азат Мырзағалиев Horeca сегментінде жабдықтауды оңтайландыруға бағытталған 3F платформасын ұсынды. Ол бағдарлама сатып алу және логистика процестерінің жаңартылған мүмкіндіктерін қамтиды.

«Кешен-бар» – дың бренд амбоссодоры Олег Литвинов футпейрингтің құпияларымен бөлісті. Яғни жаңа мәзір мен тағамды енгізу кезінде азық-түлікті біріктірудің негізгі процестерімен таныстырып кетті.

Тарас Криворучко осы салада табысты мансапқа жету үшін қажетті дағдылар туралы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті. Ол өзінің «Столовая ложка», «Кофейком», «Пельмени bar», «Esko bar» и «Hemingway» проектілерінің мысалында мейрамхана бизнесін бастаудың ерекшеліктерін атап өтті.

Поарель Александр аудиторияның назарын «NEXT» отбасылық орталығының тарихы туралы егжей-тегжейлі айтумен аударды.

Гүлшат Байжақсынова оң және теріс пікірлерді жедел өңдеудің маңыздылығын атап өтіп, олардың мейрамхана беделін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Форум сарапшылары оқыту, инновация және ынтымақтастық мейрамхана бизнесінің қарқынды дамуында шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сала мамандарының күш-жігерімен біріктірілген бұл үш фактор табысты мейрамхана кәсіпкерлігінің заманауи келбеті болып табылады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок