Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған студенттердің еңбек өтілі

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған азаматтар бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты өтеу мақсатында еңбек етуі қажет. Еңбек ету мерзімі   үш немесе екі жыл не оқу мерзіміне пара-пар келеді.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған студенттердің еңбек өтілін қадағалау әрі оларды сүйемелдеу жұмыстарымен Қаржы орталығы айналысады.

«Мемлекеттік грант негізінде білім алған түлектер үшін 3 жылдық грантты қадағалау мақсатында Қаржы орталығы атынан 1414 нөмірінен СМС хабарлама жіберілді. Хабарламаға 15 минут аралағында жауап беру қажет. СМС-те 511 саны жіберілген. Студенттер келісімін берген жағдайда, үш жылдық құжат айналымынан босатылады. Яғни Қаржы орталығы студенттің қатысуынсыз зейнетақы аударымдарын тексеріп отырады. Ал егер студент келісімін бермесе, үш жыл бойы еңбек өтілін  өзі растап отыруы қажет», – деп атап өтті «Қаржы орталығы» АҚ аға маманы Ақзира Серікқали.

Мемлекеттік грант бойынша жұмысты өтеу міндетінен босатылған студенттер бар. Олар:

жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет ететін елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайда;

І, ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар;

оқуын одан әрі жалғастыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде магистратураға, докторантураға немесе резидентураға оқуға түскен жағдайда;

жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оларды өздері тәрбиелеп отырған азаматтар.

Мерзімді әскери қызметке түскен немесе шақырылған кезде қызмет өткеру уақыты жұмыспен өтеу мерзіміне есепке жатқызылмай, қызмет өткеру уақытына кейінге қалдыру беріледі.

Ақзира Серікқалиқызының айтуы бойынша, ақылы түрден грантқа ауысқан және оқудан шыққан студенттер үшін жаңа санат пайда болды. Ол мөлшерлес грант өтеуі бойынша жауапкершілік. Студент оқудан шығып кетсе немесе ҚР аумағындағы кез келген университетте оқып жүріп, басқа жоғары оқу орнына окуға түскен жағдайда грант өтемін мөлшерлес өтейді. Яғни бдюжет шығынын мөлшерлес қайтарады.

Жас мамандарды жұмыспен қамту, оларды осы міндеттен босату құқығы жоғары оқу орнында құрылған комиссия құзыретіне кіреді. Комиссия 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок