«KAZENERGY» қауымдастығы жыл сайын өткізілетін ЖОО-да оқу ақысын төлеуге арналған үміткерлерді іріктеу конкурсына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Бұл гранттар мердігер ұйымдардың (NCOC N.V. және KPO B.V.) қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2015 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу жөніндегі Комиссияның Жұмыс органы болып табылады. Бағдарлама жүзеге асырылған 10 жыл ішінде 14 000-нан астам өтінім қаралып, 5 500-ден астам ЖОО және колледж студенті оқу ақысын төлеуге қаржы алды. Олардың 59%-ын әлеуметтік осал топтардың өкілдері құрайды.
Биыл өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 25 шілдеден 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Қатысу үшін қажет:
-
www.kazenergy.com сайтында байқау шарттары және құжаттар тізімімен танысу (Қызмет → Білім беру бағдарламасы → Жерасты пайдаланушылар қаражаты есебінен оқу бөлімі);
-
https://grant.kazenergy.com сайтында электрондық өтінімді толтыру.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласыңыз: +7 (7172) 79-49-75
немесе e-mail арқылы: candidate@kazenergy.com