Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU- да Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы атап өттілді

10.08.2025

2025 жылғы 10 тамызда AlmaU Open Library алаңында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын талқылауға арналған Abai Talks атты ашық пікірталас өтті. Дәл осы күні еліміз Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын атап өтті. Абай шығармашылығы – Қазақстанның рухани және мәдени жаңғыруының символы.

Анықтама:
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – терең философиялық өлеңдердің, әлемдік классиканы аудармада шебер жеткізген еңбектердің және әйгілі «Қара сөздер» авторы. Бұл еңбектер – өзіндік моральдық-этикалық кодекс, онда тәрбие, білім, адамгершілік пен тұлғаның дамуы мәселелері қамтылған. Білімнің құндылығы, адалдық және халық бірлігі жайлы Абай ойлары ХХІ ғасырдың да алдыңғы қатарлы философиялық идеяларымен үндес.

Abai Talks барысында қатысушылар «Қара сөздер» әлеміне терең үңіліп, олардың мәңгілік мәні мен қазіргі заманмен үндестігін талқылады. Қонақтар өз түсініктемелерімен бөлісіп, пікір алмасу еркін, ашық әрі шабыттандырарлық сипатта өтті.

Кеш соңында қонақтар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты білімдерін, жылдамдығы мен тапқырлығын Kahoot форматындағы интерактивті викторинада сынап көрді.

Университет Абайдың философиялық көзқарастары мен идеяларын, соның ішінде оның «толық адам» тұжырымдамасын жоғары бағалайды. Бұл – жан-жақты дамыған, ойлай білетін, сезімтал әрі жауапты тұлға бейнесі. Осы идеяны дамыта отырып, AlmaU қазіргі замандағы өзгерістерге тиімді бейімделіп, өз болмысын сақтай алатын тұтас тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған Tolyq Adam бағдарламасын жүзеге асырады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок