Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Орталық Азия+» ректорлар клубының мүшелері көшбасшылық және ынтымақтастық мәселелерін талқылады

01.10.2024

2024 жылдың 28 қыркүйегінде Орталық Азиядағы Американдық университетте (АУЦА) «Орталық Азия+» ректорлар клубының төртінші отырысы өтті. Шара АУЦА мен Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) бірлесуімен ұйымдастырылып, Орталық Азияның 21 жоғары оқу орнынын 50-ден астам өкілдерін жинады. Талқылаудың басты тақырыбы — «Жаңа өзгерістер: қазіргі академиялық ортадағы көшбасшылық мәселелері».

Отырыстын ашылуында АУЦА президенті Тимоти О’Коннор қатысушыларды жылы қарсы алды. Ол AlmaU-дың өкілдеріне, Асылбек Кожахметовқа, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық жоғары білімді дамыту орталығының өкілдеріне белсенді қатысқандары үшін шынайы алғысын білдірді. Тимоти О’Коннор өз сөзінде білім беру саласындағы көшбасшылық мүлдем басқа тәсілдер мен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Оның пікірінше, осындай басқосулар Орталық Азиядағы жоғары білімнің, соның ішінде көшбасшылықтың дамуының негізгі мәселелерін талқылау үшін тамаша алаң болып табылады.

Орталық Азия ректорлар клубы 2023 жылы AlmaU-дың президенті және негізін қалаушысы Асылбек Кожахметовтің бастамасымен құрылған.

«Сын айту жеткіліксіз, шешімдер ұсынылса оларды жүзеге асыру қажет. Өзгерістер тек формасына ғана емес, мазмұнына да қатысты болуы тиіс. Жаңа кампус салынса, онда жаңа қарым-қатынастар, жаңа мазмұн мен жаңа атмосфера болуы керек. Регион университеттеріне бәсекелестік көз-қарастан кооперацияға өту маңызды. Тек білім беру жүйелерін, мысалы, Болон жүйесін көшіріп алу жеткіліксіз. Өзіміздің жолымызды табуымыз керек — мүмкін, еуразиялық немесе түркілік білім беру жүйелерін қарастырып көреміз. Білім берумен айналысудан бөлек, азаматтық қоғамды дамытуға да үлес қосуымыз қажет»,  —  деді Асылбек Кожахметов.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің орынбасары Ақерке Абылайхан өзінің баяндамасын өңірдегі университеттердің интеграциясы мен коллаборациясына, Орталық Азия білім кеңістігін құру үшін практикалық мақсаттарға жету жолдарына арнады. Мысалы, университеттер альянсы мен студенттік ұйымдар альянсын құру.

Отырыс барысында қатысушылар білімнің сапасы, Орталық Азия елдерінің арасындағы жоғары білім саласынның өңіраралық ынтымақтастығын нығайту, университеттер, бизнес және мемлекет арасындағы тиімді байланысты қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Орталық Азия университеттерінің шығармашылық индустриялармен өзара әрекеттесу сұрағына бөлек пікірталас тренингі ұйымдастырылды.

Ректорлар клубының келесі отырысы 2025 жылдың сәуір айына жоспарланды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок