Дүниежүзілік ақпарат күніне орай 2024 жылдың 30 қарашасында қазақстандық БАҚ қызметкерлері мен блогерлері арасында шахматтан «Қос шаһар кубогы-2024» турнирі өтті.
Алматыдағы зияткерлік сайыс Almaty Management University (AlmaU) базасында, ал Астанада – KazMedia Орталығында ұйымдастырылды. Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы, республикалық экономикалық басылым «Деловой Казахстан» мен «Chessno говоря» Telegram арнасымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның серіктестері Freedom Broker және Tarlan Payments болды.
Қатысушыларға қойылған талаптар: аудиториясы 3 000 – нан астам жазылушысы бар блогерлер, Қазақстан Республикасының лицензияланған БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ФИДЕ рапид рейтингі 2000-нана аспаған шахматшылар.
Ашылу салтанаты
KazChess атқарушы директоры Гулмира Даулетова:
«Биыл біздің жарыстардың форматы өзгерді: біз бәсекені бірден екі қалада – Алматы мен Астанада өткізіп жатырмыз. Жыл өткен сайын журналистер мен блогерлер арасында шахматшылардың қатары артып келе жатқаны қуантады. Біз үшін бұл шахматты танымал етуде дұрыс қадамдар жасап жатқанымызды растайтын өте маңызды нәтиже. Біз Қазақстанда, әлемде және Азияда чемпионаттар ұйымдастырып қана қоймай, шахматты әр салаға енгізуге тырысфп жатрымыз. Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның интеллектуалды ұлтын құру және тәрбиелеу».
AlmaU ректоры Гульнар Куренкеева:
«AlmaU әртүрлі іс-шараларды өткізеді: форумдар, іскерлік кездесулер, спорттық іс-шаралар. Бүгін біз шахмат турнирін өткізуге қуаныштымыз. Біздің университетте кәсіби спорт менеджменті идеяларын белсенді түрде насихаттайтын Спорт менеджмент орталығы жұмыс істейді. Біз менеджментте де, іс-шараны ұйымдастыруда да кәсіби көзқарасқа ұмтыламыз және шахмат федерациясына қолдау көрсетуге қуаныштымыз. БАҚ өкілдері мен блогерлер арасындағы турнир біз үшін маңызды, өйткені AlmaU-да медиа саласының болашақ мамандары дайындалатын БАҚ және кино мектебі бар. Осындай іс-шараларды өткізу үшін спорт пен бұқаралық ақпарат құралдарының бірігіп жатқанын көруге қуаныштымын. Жеңіс – ең мықтысына буйырсын!»
Турнир нәтижелері және серіктестік
Турнир спорттық іс шара ғана емес, сонымен қатар AlmaU мен Қазақстан шахмат федерациясы арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадамы болды.
Шара аясында AlmaU ректоры Гульнар Куренкеева мен KazChess атқарушы директоры Гульмира Даулетова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанда шахматты дамытуға бағытталған және келесі бастамаларды қамтиды:
- Оқушылар мен оқытушылардың турнирлерін өткізу;
- Спортты басқару саласында білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- Тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру;
- Елімізде шахматты танымал ету бойынша бірлескен жұмыс.
Негізгі бастамалардың бірі AlmaU базасында шахмат саласындағы спорттық менеджмент бойынша Minor бағдарламасын іске қосу болмақ. Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мен инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу де жоспарлануда.
Турнир нәтижелері
Қарқынды ойын мен тайбрейктен кейін Асылхан Құмар (Алматы) жеңіске жетіп, бас жүлденің иегері атанды.
Екінші орын: Нұрлан Салықбаев (Астана);
Үшінші орын: Ахмет Ишмұхамедов (Астана);
Төртінші орын: лайықты өнер көрсеткен Алан Тасмұханов (Алматы).
Негізгі марапаттардан басқа, жеңімпаздарға арнайы номинациялар берілді:
Блогерлер арасындағы үздік нәтиже Григорий Федоров;
Қыздар арасында үздік нәтиже – Дилайла Сәдуақасова;
Ардагерлер (63+) арасындағы үздік нәтиже Тимур Қасымов.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Турнир нетворкинг үшін тамаша мүмкіндік болды: қатысушылар ойындарды белсенді түрде талқылады, әсерлерімен бөлісті және ортақ қызығушылықтар тапты. Блогерлер мен журналистер шахмат пен кәсіби қарым-қатынастың жаңа қырларын ашты.