Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Шығармашылық пен патриотизм атмосферасы: AlmaU Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығын атап өтті

AlmaU университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған іс-шара өтті. 27 қарашада өткен мәдени-музыкалық кеш студенттердің дарындары мен шақырылған қонақтардың естеліктерін біріктірген мерекеге айналды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы заң қабылдады, еліміз бұрынғы КСРО республикаларының ішінен өз тәуелсіздігін жариялаған соңғы ел болды.

Салтанатты шараны AlmaU ректоры Күренкеева Г. құттықтау сөздерімен ашты. Халықаралық бизнес университетінің тіл орталығының аға оқытушысы Әбутәліп О. және «Global litera» халықаралық журналының бас редакторы Шарахымбай Б. тәуелсіздікке жетудің жолындағы маңызды тарихи сәттерді айтып берді.

AlmaU-дың студенттері Отанымыз үшін мақтаныш атмосферасын қалыптастырып, «Туған Жер» және «Дударай» әндерімен өнер көрсетті.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, ҚазҰПУ-нің, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің, Нархоз-дың және ҚазБСҚА-ның студенттері де өз таланттарын көрсетті.

Аталмыш іс-шараның соңы қатысушыларды марапаттаумен қорытындыланды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок