Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің аппараты мен Almaty Management University креативті индустриялар мен туризмді дамыту бойынша ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді

09.09.2024

2024 жылдың 7 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің аппараты мен Almaty Management University (AlmaU) арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім креативті индустрияларды дамыту, туризмді жандандыру және аймақтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін көптеген мүмкіндіктер ашады.

Меморандум аясында Солтүстік Қазақстан облысының креативті экономикасын дамыту үшін форсайт-сессиялар, фестивальдер, байқаулар, конференциялар мен көрмелер өткізу жоспарлануда. Айта кеткен шаралар Солтүстік Қазақстан өңірінің мүдделі тараптарды тарту арқылы, саланың дамуына бағытталған стратегияларды жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мәдени өмірге серпін береді және жергілікті шығармашылық бастамаларды дамытуға жағдай жасайды.

Серіктестіктің тағы бір маңызды бағыты — жергілікті кәсіпкерлер арасындағы тәжірибе алмасуға арналған алаңдар құру. Сондай ақ, отандық өнімдердің,қызметтердің ішкі және халықаралық нарықтарға қолжетімділігін жеңілдету жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Солтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге ерекше назар аударылатын болады. Қойылған мақсаттар деректі фильмдер циклін жасау мен туристерге арналған маршруттар қосу арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, екі тарап Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Ботай мәдениетінің Визит орталығының даму стратегиясын қолға алу мен тұрақты жұмыс істеуіне жәрдемдесу туралы келісімге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы Руслан Алишевтің AlmaU-ға жасаған сапары барысында университеттің Virtual Production Studio және Нейромаркетинг пен нейроменеджмент зертханасы таныстырылды.

Виртуалды продюсерлік студияда жұмыс істейтін мамандар, AlmaU Медиа және Кино Мектебінің оқытушылары мен студенттеріне шынайы және цифрлық әлем элементтерін үйлестіретін контент жасауға көмектеседі. Осылайша, шынайы декорациялар, костюмдер және түсірілім процесінің басқа да элементтерін жасаудың орнына, студенттер мұның бәрін виртуалды ортада орындап, уақыт пен ресурстарды үнемдей алады.

Өз кезегінде нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасы нейробиологиялық зерттеулер жүргізуге маманданған, бұл үшін eye-tracking, facereading, GSR сынды заманауи технологиялар қолданылады. Кампус-тур барысында осы құрылғылар мен олардың жұмыс принциптері Руслан Алишевке көрсетілді.

AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеева университеттің артықшылықтары туралы толығырақ айтып берді. Атап айтқанда, ұлы ойшыл Абайдың философиясына негізделген жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Tolyq Adam» бағдарламасы жайлы; «Қазақфильм» киностудиясының ішінде орналасқан Медиа және Кино мектебі туралы; болашақ урбанистерді дайындайтын және креативті индустрияларды дамытуға бағытталған арнайы орталықтардың құрылуы, сондай-ақ қала тұрғындарына арналған «Qaynar Bulaq» ашық кеңістігі туралы айтып өтті.

«AlmaU-дың креативті индустриялар орталығы Қазақстанда креативті экономика саласындағы зерттеулер мен дамудың көшбасшысы болып табылады. Бізде креативті қауымдастық өкілдері үшін тартымды орталықтар құру мен маңызды іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибе бар», – деп атап өтті Гүлнар Күренкеева.

Сондай-ақ AlmaU-дың үшінші миссиясының аясындағы жобаларға ерекше назар аударылды. AlmaU президенті Асылбек Қожахметов бұл бағытта Солтүстік Қазақстан облысының «Имантау-Шалқар» курорттық аймағында орналасқан, Лобаново ауылындағы «Зейнеп» ауылдық колледжі туралы ақпаратпен бөлісті. AlmaU «Зейнеп» коледжіне үлкен инвестициялар салды. Алға қойылған мақсаттар: ауыл шаруашылығы және ішкі туризм мамандарын даярлауды жаңарту. Аталмыш іс-шара барысында Асылбек Қожахметов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратымен белгіленген ынтымақтастық аясында, бірлескен күш-жігер арқасында, осы өзгерістерге қол жеткізу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Алишев бұл ынтымақтастықтың өңір үшін маңыздылығын айтып кетті, болашақ серіктес ретіндегі университеттің артықшылықтарына тоқталды.

«AlmaU жүйелі, біркелкі тәсілді көрсетіп отыр, бұл жоғары сапалы зерттеу жұмысына негізделген. Бізге AlmaU-дың мемлекеттік органдармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп жасалып жатқан жобалардағы мол тәжірибесі ұнайды. Осыған байланысты біз де зерттеулер мен кадрларды даярлауға үлкен қызығушылық таныттық. Біз өңірімізде Креативті хаб құру бойынша үлкен дайындық жұмыстарын жүргіздік, енді оның мазмұнын сапалы толтыруға назар аударып отырмыз», – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Алишев.

Аталмыш іс-шара AlmaU мен Солтүстік Қазақстан облысының арасындағы креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және өңірдің туристік әлеуетін халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған нәтижелі ынтымақтастықтың бастамасы болып табылады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок