Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

TikTok AlmaU-мен бірге медиасауаттылыққа арналған науқанды бастайды

TikTok  пен AlmaU: медиасауаттылық науқаны

TikTok платформасы AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірлесе отырып, «Қауіпсіздік академиясы» білім беру бастамасы аясында #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастайды.

Жаңа жобаның міндеті — платформа пайдаланушыларына медиасауаттылық негіздері туралы айту: ғаламтордағы ақпаратты неге сыни тұрғыдан бағалау керек, дереккөздердің сенімділігін қалай тексеру керек, неге күмәнді контентті таратудың қажеті жоқ және қалайша алалаушылықтың құрбаны болмау керек.

Ғаламтор күн сайын әртүрлі ақпаратпен толығады.  Оны ой елегі мен сын таразысынан өткізе отырып, сұрыптау аса маңызды.  Медиасауаттылық – цифрлық  құзыреттіліктермен қатар кез келген ғаламтор қолданушысы үшін қажетті дағды. AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшыларымен бірге TikTok дайындаған #Лүпілдетбірақтексер науқанында желі қолданушылары ғаламтордағы ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауды, әрі талдауды, ақпараттық шудан қорғануды, контентті жауапкершілікпен құруды үйренеді.

Жоба аясында танымал TikTok креаторлары өз кеңестерін бөліседі:

Экзотикалық жәндіктер сарапшысы @nagornyy.n ақпарат дереккөздерін тексеру қажеттілігі;

Киноиндустрия сарапшысы @prostogaiz ақпараттың сенімділігіне сенімді болмасаңыз, неге оны таратпау керектігін айтады;

Суретші @assolyaa контент көшіру мәселесі;

Фэшн-гуру @aida_neko ақпаратты объективті түрде қабылдап, қалай адасушылықтың құрбаны болудан сақтану;

Футболшы @aliev_53 дерек пен пікірді ажырату;

Технологиялар жөніндегі сарапшы @eduardbaskov TikTok параметрлерін орнату.

Сондай-ақ, AlmaU Медиа және кино мектебі медиасауаттылық бойынша сарапшылармен арнайы эфирлер өткізеді.

  • 28 қараша Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де медиа сарапшы және «Зиянды медиа әдеттерді өзгертеміз» жобасының авторы Бақтыгүл Бурбаева неліктен медиа сауаттылық кез келген ғаламтор пайдаланушысы үшін негізгі дағдылардың бірі екенін түсіндіреді.
  • 29 қараша Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де «Медиа және ақпараттық сауаттылық» әдістемелік құралының авторы Руслан Қаратабанов ақпаратты сенімді дереккөздерде қалай тексеруге және фейктердің ықпалына түспеуге болатындығы туралы әңгімелейді.

«Медиасауаттылық білім берудің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Аталмыш науқан аясындағы серіктестік біздің білім беру тәжірибеміз бен жергілікті әдістерді біріктіруге бірегей мүмкіндік берді.  TikTok өзінің кең аудиториясымен және шығармашылық мүмкіндіктерімен сыни ойлауды, мәдени құзыреттілікті және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамыта отырып, ресми және бейресми білім беру арасында көпір құрудың құнды платформасы бола алады. Сондықтан біздің мектептің профессор-оқытушылар құрамы осы мәселелер бойынша өз сараптамасын қуана бөліседі», – деді AlmaU Медиа және кино мектебінің деканы Анар Секеева.

Жобаға университет оқушылар да атсалысады. Біздің New Media және «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының студенттері желі қолданушыларының назарын медиасауаттылық сияқты өзекті тақырыпқа аудару үшін өздерінің креаторлық дағдыларын қолдануға мүмкіндік алды. Ақпараттық науқан барысында олардың жұмыстары @mfsmedia аккаунтында #Лүпілдетбірақтексер  жобасының ресми хэштегімен жарияланады. Осылайша біз TikTok платформасының кез келген пайдаланушысы осы бастамаға қатыса алатынын көрсеткіміз келеді», – деп AlmaU Медиа және кино мектебінің медиа сарапшысы, рrofessor of practice Екатерина Корабаева бөлісті.

«Миллиондаған TikTok пайдаланушылары күн сайын әртүрлі ақпарат алады. Біз желі қолданушыларын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуін, сенімсіз дереккөздердің ақпаратын тексеріп, видео авторларының мазмұнды контент құруға жауапкершілікпен қарауын қалаймыз. Сондықтан «Қауіпсіздік академиясы» білім беру бастамасы аясындағы төртінші жобамыз медиасауаттылық тақырыбына арналған. AlmaU Медиа және кино мектебінің професссорларының сараптамасы мен тәжірибесі желі қолданушыларының медиасауаттылығын арттыруға үлесін қосып, базалық қабілеттерді игеруге септігін тигізеді деп сеніміз», – деді Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok операциялық департаментінің басшысы Екатерина Блинец.

TikTok жайлы

TikTok — бұл қысқа бейнелерді жасауға арналған жетекші бағдарлама. Миссиясы — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок