School of Transformative Humanities «TOLYQ ADAM» бағдарламасы аясында, 22 желтоқсан күні, «TOLYQ ADAM» КОНЦЕПЦИЯСЫ – КӨШБАСШЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ИННОВАЦИЯЛАР, ТРЕНДТЕР, ДАМУ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – заманауи шындық жағдайында Қазақстанның білім беру саласында көшбасшы тұлғасын қалыптастырудың инновациялық тәсілдерін, тенденциялары мен даму болашағын талқылау арқылы пәнаралық диалог құру.
Дөңгелек үстелде заманауи шындық жағдайында Қазақстанның білім беру саласында көшбасшы тұлғасын қалыптастырудың инновациялық тәсілдері, тенденциялары мен даму болашағы талқыланды.
Аталмыш кездесуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті теориялық және практикалық психология кафедрасының профессоры- Шерьязданова Хорлан Токтамысовна, ҚР жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Президентінің Жетісу облысы бойынша филиалының профессоры-Аралбаева Рысжамал Кадыровна, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның директоры-Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, AlmaU MBA оқытушысы, бизнесмен, «Монетизатор» бизнес ойынының сертификатталған шебері-Дмитрий Гусенко сияқты белгілі ғалымдар мен профессорлар қатысты.