Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Журналистика» мамандығы бойынша жыл сайынғы Республикалық ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы шықты

АlmaU «Журналистика» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстардың республикалық конкурсын (ҒЗЖ) өткізуде базалық университет болып табылады. Қазақстанның 12 жоғары оқу орнынан барлығы 24 жұмыс келіп түсті. Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, Алматы Менеджмент Университетінің (базалық университет) конкурстық комиссиясы марапатқа ұсыну туралы төмендегідей шешім қабылдады:

 

1 орын:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Елубай Гүлдана Ашықбайқызына «Телевидениедегі қылмыс тақырыбының жазылуы» атты ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекшісі: PhD Жанысбаева А.П.

 

2 орын:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Павлик Олжас Рахатұлының «Детектив жанры: дамуы мен әлеуеті. Қазақ детектив жанрының ізашары» тақырыбындағы жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Қамзин К.Қ.

Алматы Менеджмент Университетінің студенті Анварова Дара Алишерқызының «Авторлық бағдарламаның табиғаты» атты ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Шиндалиева М.Б.

 

3 орын:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Кемелбек Рашид Қалдыбекұлының «Медиа теорияларының қоғамдық пікір қалыптастырудағы ықпалы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Аширбекова Г.Ш.

«Тұран» университетінің студенттері Литпин Дина Бекжанқызы, Нақа Айшат Айболқызы, Тулепбергенов Бекзат Қайратұлының «Публицист Ержұман Смайылдың журналистік ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасы үшін, ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Курманбаева А.А.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Измайлова Тогжан Канатбекқызының «Медиа-контентке арналған Trendwatching: цифрлық дәуірдегі медиа ортаның трансформациясы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін, ғылыми жетекші: с.ғ.к., assistant-professor Ашенова C.В.

 

Барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок