2023 жылдың 21 қарашасында РДиГБ студенттері үшін «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты психологиялық лекциясы өтті. Лекцияны №150 «балалар мен жастарға арналған сенім телефоны» қызметінің өкілі Жанғожина А. және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының психолог-кеңесшісі Изтилеуова М. жүргізді.
Семинар зорлық-зомбылық көрген жәбірленушіге уақытылы көмек көрсету және агрессорды анықтаудың маңыздылығы жайлы тақырыптарды қамтыды.
AlmaU психологы Берікбаланова Л. өзінің сөзінде «Адам бір күнде агрессорға айналмайды, бұл психологиялық мінез-құлық және белгілі бір ойлау түрі» деп атап өтті.
Мамандар отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері туралы өз тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып айтып берді. Зорлық-зомбылықты дер кезінде анықтап, көмек көрсету маңыздылығына тоқталып кетті. Сондай-ақ, сарапшылар келесі мәселелерге назар аударды: адамның құқықтарын қорғау, қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде агрессорды тану және қауіпсіздік қызметінің міндеттері мен функциялары.
Студенттер кездесуге белсенді қатысты. Түрлі сұрақтар қойып, зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді ат салыса талқылады.