Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына өтінімдерді қабылдау ашық

21.04.2026

AlmaU Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистранттарын «Жобаларды басқару», «Логистика» және «Жеткізу тізбегін басқару» бағыттары бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына (НИРМ) қатысуға шақырады.

Конкурс магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, академиялық бастамаларды қолдауға, сондай-ақ басқару және логистика салаларында кәсіби білім мен үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталған.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы ЖОО магистранттары келесі бағыттар бойынша қатыса алады:

• «Жобаларды басқару»
• «Логистика»
• «Жеткізу тізбегін басқару»

Тіркеу және байланыс ақпараты

«Жобаларды басқару» бағыты бойынша өтінімдер rwms_pm_2026@almau.edu.kz электрондық поштасына қабылданады.
Бағыт үйлестірушісі – Тажиева Самал Қожахметқызы, тел.: +7 707 462 13 09

«Логистика» және «Жеткізу тізбегін басқару» бағыттары бойынша өтінімдер rwms_scm_2026@almau.edu.kz электрондық поштасына жіберіледі.
Үйлестіруші – Мурзабекова Кенжегүл Абсултанқызы, тел.: +7 747 148 64 66

📎 Қатысу ережелері, жұмыстарға қойылатын талаптар және өткізу кезеңдері туралы толық ақпарат ақпараттық хатта берілген: KZ_Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (1).pdf

Конкурстың өткізу орны мен мерзімі:

Конкурс 22 мамырда өтеді
Өтінімдер 18 мамырға дейін (қоса алғанда) қабылданады

📍 Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227, «Алматы Менеджмент Университеті» ББ

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок