Қонақжайлылық және туризм мектебі Сізді мейрамхана ісі, қонақүй бизнесі және туризм бағыттары бойынша өтетін «24/7» атты IX студенттік олимпиадаға қатысуға құрметпен шақырады.
Олимпиаданың тақырыбы: «Болашақтың туризмі мен қонақжайлылығы: цифрлық технологиялар және тұрақты даму»
Олимпиаданың мақсаты: Дарынды студенттерді қолдау және Қазақстандағы қонақжайлылық индустриясының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Олимпиаданың форматы мен кезеңдері:
I кезең – Онлайн іріктеу:
Командалар келесі тақырыптар бойынша стартап-жоба ұсынады:
- Қонақжайлылық саласындағы стартаптар (ББ РДҚБ);
- Туризм саласындағы стартаптар (ББ Туризм).
Жоба электронды форматта ұсынылады.
II кезең – Жобаларды қорғау:
Стартап жобаларды сарапшылар алдында бетпе-бет таныстыру.
III кезең – Кейс талдау:
Туризм және қонақжайлылық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған практикалық тапсырма.
Қатысу шарттары:
- Команда құрамында 3 студент және ғылыми жетекші болуы тиіс;
- Бір жоғары оқу орнынан тек 1 команда ғана қатыса алады;
- Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Өтінімдер 2025 жылғы 12 мамырға дейін қабылданады.
Сұрақтар мен өтінімдер үшін электрондық пошта: sht.konkurs@gmail.com