Almaty Management University конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, мемлекеттік білім беру гранттарын иеленген талапкерлерді құттықтайды.
Сіздер жаһандық өзгерістер жағдайында тиімді әрекет ете алатын болашақ көшбасшыларды, басқарушылар мен кәсіпкерлерді дайындауға бағытталған AlmaU академиялық қауымдастығының бір бөлшегіне айналдыңыздар.
Алда – қарқынды білім алу, кәсіби даму және жаңа мүмкіндіктерге толы студенттік жылдар.
Біз сіздердің осы жолдарыңызда, өз әлеуеттеріңізді толық ашып, кәсіби және тұлғалық құзыреттерді қалыптастыруларыңызға, сондай-ақ кәсіби дамуға берік негіз қалауларыңызға жағдай жасауға ұмтыламыз.
Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз және оқуда сәттілік, қызыққы толы студенттік өмір мен кәсіби мақсаттарға нық қадам тілейміз!
25 тамызға дейін құжаттарыңызды тапсыруды ұмытпаңыздар. Біз сізді AlmaU-да күтеміз!