Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

ҚМГ JanAru бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтарда еңбек ететін әйелдерді қолдауды күшейтуде

16.06.2025

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және елдегі гендерлік саясатты қолдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» мұнай-газ саласындағы жұмысшы әйелдердің әлеуетін арттыруға бағытталған «JanAru» (Жаңару) білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Бағдарламаның екінші оқыту модулі Almaty Management University базасында өтті. Оған КМГ-нің еншілес және тәуелді ұйымдарынан – «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «ҚазТрансОйл», Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Kazakhoil Aktobe», «CASPI BITUM», «ӨзенМұнайСервис», «KMG EP-Catering» компанияларынан келген 40 жұмысшы мамандық иесі әйел қатысты.

Қатысушылардың қатарында сорғы станцияларының машинистері, қабат қысымын ұстап тұру, мұнай мен газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу және пульт басқару операторлары, химиялық талдау зертханашылары, электрмонтерлер, тауар операторлары мен аспаздар болды.

Бағдарламаның екінші модулі экологиялық ойлауды дамытуға арналды — қалдықтарды азайту және энергия тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, цифрлық және қаржылық сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінді. Отбасылық құндылықтарды нығайту мен мәдени дәстүрлерді сақтау мәселелері де маңызды орын алды.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок