
24 қыркүйекте AlmaU Library-те AlmaU Zertteu Talks ашық ғылыми диалогтың жаңа форматы ретінде алғашқы кездесуін өткізді.
Zertteu Talks зерттеушілер өз зерттеулері мен нәтижелері туралы еркін форматта айтып, ғылыми идеяларды талқылап, сұрақтар қойып, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін таба алатын тұрақты алаң ретінде ұйымдастырылды. Форматтың негізінде үш негізгі элемент жатыр: ИДЕЯ → ДИАЛОГ → NETWORKING.

Zertteu Talks-тың алғашқы спикері – Анастасия Владимировна Липовка, PhD, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің Research Professor-ы.
Кездесу «Қазақстандық менеджерлердің көшбасшылық стилі: жоғары белгісіздік жағдайындағы аутенттілік» тақырыбына арналды.

Кездесу барысында спикер өз зерттеуінің нәтижелерін ұсынып, қатысушыларды Қазақстан контекстіндегі көшбасшылық ерекшеліктеріне жаңа қырынан қарауға шақырды. Кездесу ашық пікірталаспен жалғасты: қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, ұсынылған нәтижелерді талқылады.
Zertteu Talks-тың ерекшелігі – классикалық ғылыми семинардың дәстүрлі форматынан бас тартуында. Әр кездесудің өзегінде зерттеушінің баяндамасымен қатар, зерттеу төңірегіндегі еркін диалог та бар. Бұл әртүрлі ғылыми бағыттардың өкілдерін біріктіріп, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Алғашқы кездесу AlmaU Zertteu Talks сериясының басталуына негіз болды. Алдағы уақытта алаң AlmaU зерттеушілерін, сондай-ақ Қазақстаннан және басқа елдерден шақырылған ғалымдар мен сарапшыларды біріктіретін болады.
Зерттеу әңгімеден басталады.
Бірге ойланамыз. Бірге дамимыз.