2025 жылдың 19 сәуірінде Almaty Management University (AlmaU) – да қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Tolyq adam: білім беру мазмұнының трансформациясы» атты 1-ші халықаралық гуманитарлық трансформациялық конференция өтті. Шараның ұйымдастырушысы School of Transformative Humanities (STH). Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудағы түйінді мәселелері талқыланған конференцияға білім, философия, мәдениет және әлеуметтік бастамалар саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Конференция барысында пленарлық отырыстар, панельдік талқылаулар және практикумдар өтті.
Ашылу салтанатында құттықтау сөзді AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева бастады. Өз сөзінде ол университеттің білім беру тәсілдерін неге қайта қарастыра бастағанын, оған пандемия кезенінің қалай ықпал еткенің атап өтті: «2021 жылы, пандемия аяқталғаннан кейін біз студенттердің мінез-құлқындағы өзгерістерді байқай бастадық. Мазасыздық деңгейі жоғарылап, қарым-қатынаста қиындықтар мен ішкі шиеленіс белгілері пайда болды. Осыған жауап ретінде Психологиялық қолдау орталығы ашылды. Алайда уақыт өте келе проблемалардың тереңірек екенін түсіндік – олар тұлғаның дамуына және адамның ішкі әлеміне әсер етеді. Бір ғана қолдау жеткіліксіз болды. Заман талабына жауап беретін, қазіргі ұрпақ ерекшеліктерін ескеретін жаңа білім беру бағдарламасын жасау идеясы осылайша туындады. Гуманистік педагогика ұғымдарын, психология элементтерін, философияны және қоғамға қызмет ету тәжірибесін біріктіре отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жауап ретінде «Tolyq Adam» бағдарламасын дайындап, іске қостық».
«Tolyq adam» бағдарламасы гуманитарлық ғылымдарда қолданылатын трансформациялық тәсілге негізделген және жеті негізгі пәнді қамтиды. STH деканы Нұркен Абайұлы атап өткендей: «AlmaU мақсаттарының бірі гуманитарлық пәндер арқылы студенттердің тұлғалық өзгеруіне ықпал ету болып табылады. Мектебімізде жеке білім беру бағдарламалары да, жалпы білім беретін және магистратура деңгейіндегі курстар да жүзеге асырылады. «Tolyq adam» бағдарламасы біздің ойымызша, өмір бойы қажетті дағдыларды қалыптастыратын жеті пәнді қамтиды: эмпатия, этика, аналитикалық және сыни ойлау, сондай-ақ ауызша және жазбаша қарым-қатынас – күнделікті өміріміздің негізін құрайтын барлық нәрсе».
Гуманитарлық ғылымдардың әлеуетін талқылау барысында AlmaU базасында Қазақстанда алғаш рет енгізілген «Service Learning» бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бұл білім беру моделі академиялық білімнің практикалық жұмысқа еңгізілуінің мысалы және осындай бағдарламаның қоғамға елеулі пайда алып келетіні белгілі болды. 10 жыл ішінде бағдарлама барысында 600-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Студенттерді әлеуметтік бастамаларға тарту азаматтық жауапкершілікті, эмпатияны және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл туралы «Денсаулық» адам денсаулығына қауіп ететін зиянды факторларды азайтудың ұлттық қауымдастығының төрағасының орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра өзінің сөзінде айтып өтті.
Саналы ұрпақ тәрбиелеу идеясы пленарлық отырыста жалғасын тапты. Отырста рухани жаңғыру, қазақ философиясының құндылығынан бастап инклюзия, адамгершілікке тәрбиелеу және саналы ұрпақ қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ ұлы Абай Құнанбаевтың философиялық мұрасына бет бұрудың маңыздылығын атап өтті. Оның ойынша, бағдарламаға қазақ ойшылының есімін беру – оңтайлы шешім: «Абай – ұстазымыз, терең даналық иесі.Қазіргі заманда қоғамның маңызды міндеттерінің бірі – рухани жаңғыру. Оның философиясын жаңа ғылыми позициялардан зерделеу өзекті де қажетті бағыт болып табылады. Ұлттық бірегейліктің негізгі элементтерінің бірі ретінде қазақ тілін дамытуды да түбегейлі маңызды деп санаймын».
Философия ғылымдарының докторы, «Қазақ философиясы» орталығының директоры Гүлжихан Нұрышева жастарға интеллектуалды ортаның қажеттілігі мен білімге деген құштарлығын тілге тиек етті. Оның айтуынша, білімі жоқ адам қоғамның толыққанды қатысушысы болу мүмкіндігінен айырылады және қазақ жастарын жастайынан жан-жақты дамуға ұмтылуға шақырды.
«Балалардың бала кезінен қабілетін анықтап, білім мен тәрбие үйлесім тапқан қазақы білім идеалын қалыптастыру маңызды», – деп қосты ол.
Бұл пікірмен AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева қосылды: «AlmaU-ның міндеті тек білімді ғана емес, құндылықтарды да қалыптастыру. Біз түлектеріміздің қоғамның белсенді, жанашыр және жауапты мүшесі болғанын қалаймыз. Бүгінгі таңда тек табысты болу ғана емес, басқаларға да пайдалы бола білу маңызды».
Жазушы, философ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дидар Амантай жастардың адамгершілік, эстетикалық және мәдени тәрбиесі мәселелеріне тоқталды: «Жастардың құндылықтарын қалыптастыруға қазіргі орта, әсіресе, көше мәдениеті қатты әсер етеді. Адамгершілік – бала кезімізден бойымызға сіңген қасиет, адамгершілікті есеюде барлық кезеңінде сақтау аса маңызды. Осыған байланысты эстетикалық қабылдау мен этиканы дамытуға бағытталған курстарды мектептегі және университеттегі білім беру бағдарламаларына қосу аса зор қажеттілікті көрсетеді. Бүгінде біз эстетика мен мораль арасындағы шекаралардың бұлыңғырлануымен бетпе-бет келіп отырмыз, бұл екеуінің де маңыздылығын жете бағаламауға алып келеді».
Осы тақырыпты жалғастырған ректор Гүлнар Күренкеева AlmaU-дың қазіргі таңда бар бастамаларына тоқталды. Мысалы, «Қазахфильм» киностудиясынын қабырғасында орналаскан Медиа және кино мектебі және студенттердің мәдени өмірінің белсенді бөлігіне айналған университет театры. Ректордың айтуынша, бұл бастамалар ұлттық өнер мен әдебиетке деген терең қызығушылықты арттыруға бағытталған.
«Ерекше балалардың ата-аналар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рауан Сағадиева ерекше білім алуды қажет ететін балалар санының өсіп келе жатқанына назар аударып, оларды білім беру кеңістігіне тең шарттарда біріктіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол университеттер, ҮЕҰ және волонтерлік бастамалар арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, университет ресурстар мен инновациялық тәсілдермен қамтамасыз етеді, ҮЕҰ салада жұмыс істейді, ал волонтерлер атсалысуды қамтамасыз етеді. Ол жобаларды қолдағаны үшін AlmaU-ға алғысын білдірді және әлеуметтік жұмыста ең бастысы қамқорлық пен жастарды бірлескен бастамаларға тарту екенін атап өтті.
Анықтама:
AlmaU мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттіліктерін ескеретін инфрақұрылымды жасаған Қазақстандағы алғашқы университеттердің бірі болды. Оқыту тең шарттарда жүргізіледі, мұғалімдер инклюзивті білім беру саласында жүйелі түрде біліктіліктерін арттыру курстарынан өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де педагогика ғылымдарының кандидаты Перизат Елубаева мұғалімнің заманауи миссиясы кәсіби білімді беруге және дана, батыл, жанашыр тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған процесс ретіндегі көзқарасымен бөлісті. Оның пікірінше, барлық адамдар өздерінің сипаттамалары бойынша әртүрлі, бірақ даму мен өзін-өзі жүзеге асыру құқықтары бойынша тең.
Тақырыпты жалғастыра отырып, WRPF KZ федерациясының президенті, STH AlmaU-мен бірлесіп әзірлеген «Биохакинг» курсының авторы және оқытушысы Валихан Тен денсаулыққа саналы көзқарасты қалыптастыру қағидаларын түсіндірді. Бағдарлама дене шынықтыру, тамақтану және психология салаларындағы білімдерді біріктіреді, студенттерге денсаулық деген әр адамның жеке жауапкершілігі екендігі туралы түсінікті қалыптастырады. Адам денсаулығына қатысты мәселелерді өзі үшін маңызды емес деп санаса да, айналасында қамқорлық жасайтын және алаңдайтын жақын адамдар бар екенін есте ұстаған жөн. Денсаулық туралы білім өзіне және басқаларға деген ұқыпты, жауапты қарау мәдениетінің бір бөлігіне айналды.
Осылайша, 1-ші халықаралық «Tolyq adam: білім беру мазмұнының трансформациясы» атты конференциясы трансформациялық гуманитарлық ғылымдарды талқылаудың кәсіби және маңызды платформасына айналды.