Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Ольга Петюнина – қаржы және инвестиция саласының сарапшысы AlmaU – да дәріс оқыды

07.02.2025

2025 жылғы 7 ақпанда Экономика және қаржы мектебінде студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қонақ дәрісі өтті.

Іс-шараның арнайы қонағы Ольга Петюнина – қаржы және инвестиция саласының сарапшысы болды. Ол қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісіп, қаржыны басқарудың негізгі стратегиялары, инвестициялау әдістері және тәуекелдерді азайту құралдары туралы баяндады.

Дәріс барысында келесі маңызды тақырыптар қозғалды:

  1. Жеке қаржыны дұрыс басқару
  2. Тиімді инвестициялық стратегиялар
  3. Қаржылық тәуекелдерден және қарыздық жүктемеден қалай құтылуға болады

Студенттер белсенділік танытып, қызықты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Әсіресе, практикалық кейстер мен нақты инвестициялық шешімдердің мысалдары үлкен қызығушылық тудырды.

Іс-шара жылы және өнімді атмосферада өтті, ал алынған білім қатысушыларға қаржылық жоспарлау мен инвестицияларға саналы көзқараспен қарауға көмектеседі.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок