Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

PMI AlmaU-ге жобаларды басқару стандартының мемлекеттік тілдегі нұсқасын табыстады

13.02.2026

2026 жылдың 12 ақпанында AlmaU-де PMI Kazakhstan Chapter президенті Тоимбетов Азамат Ережепұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында ол университетке Project Management Institute (PMI) стандартының қазақ тіліндегі аудармасын өтеусіз пайдалануға тапсырды.

Аталған стандарт білім беру үдерісінде «Жобаларды басқару» пәнін және жобалық менеджмент бағыты бойынша minor-білім беру бағдарламаларын оқытуда қолданылады, соның ішінде:

• «Жобаларды басқару стандарттары мен қағидаттары»
• «Жоба командасын және мүдделі тараптарды басқару»
• «Жобаларды басқаруда жоспарлау және бақылау»

Стандартты табыстау:

• студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға;
• жобаларды басқару саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге;
• қазақ тілінің кәсіби және академиялық ортада қолданылу аясын кеңейтуге;
• халықаралық стандарттарды білім беру бағдарламаларына енгізуге ықпал етеді.

Бұл бастама AlmaU-дің халықаралық жобалық менеджерлер қауымдастығымен академиялық байланыстарын нығайтып, сапалы кәсіби білім беруге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок