Орталық Азия аймағында тұрақты дамуды ілгерілету мақсатында Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ Орталық Азия елдері үшін SDG бойынша аймақтық платформа құру жобасын іске қосты. Жобаның жалпы мақсаты – білім алмасу платформасы арқылы тұрақты дамуға үлес қосу, сондай-ақ Орталық Азиядағы SDG қол жеткізуді қолдау үшін инновациялық шешімдерді құру.
Жоба «SDG Space» бірегей цифрлық платформасын жасайды, бұл оның қатысушыларына тұрақты дамуды қолдау бойынша өршіл идеяларды жобаларға айналдыру үшін онлайн режимінде өзара әрекеттесуге, идеялармен алмасуға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
«SDG Space» жеке және академиялық секторлар арасында тұрақты серіктестікті құруға ерекше назар аудара отырып, әртүрлі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты қолдайды, бұл өз кезегінде тұрақты дамуға бағытталған жобаларды коммерцияландыруды жеңілдетеді.
«SDG Space» платформасын жүзеге асыру жеке секторды неғұрлым тұрақты даму стратегияларына көшу процесіне тарту бойынша БҰҰ Жаһандық шартының ауқымды бастамаларының бірін қолдауға бағытталған.
SDG Space платформасын құру жобасын жүзеге асыру үшін БҰҰДБ сараптамалық және аналитикалық қолдау көрсету үшін Алматы Менеджмент Университетін қатарына қосты.
Осы ынтымақтастық аясында Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) академиялық сектормен өзара әрекеттесу жолдарын анықтау мақсатында жеке компаниялар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша арнайы есеп дайындады.
Зерттеудің мақсаты жеке компаниялардың тұрақты даму мәселелері бойынша хабардарлығын зерттеу және академиялық сектормен ынтымақтастықтың әлеуетті жолдарын анықтау болды.
Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз!