2025 жылдың 27 наурызында AlmaU-да Sharmanov School of Health Sciences-тің ұйымдастыруымен отбасылық кеңес беру және отбасылық психотерапия тақырыбында қонақтық дәріс өтті. Баяндамашы Эльзара Исхакова – психология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің халықаралық деңгейдегі тренері, отбасылық психотерапевт, супервайзер және практик психолог.
Дәріс отбасымен жұмыс істеудің негізгі аспектілерін қамтыды, соның ішінде:
- Отбасылық терапияның негізгі бағыттары мен мақсаттары.
- Отбасындағы жанжалдарды шешу және жанұядағы қарым-қатынасты жақсарту әдістері.
- Ата-ана мен бала қарым-қатынасының мәселелері және оларды үйлестіру жолдары.
- Тұлғаның қалыптасуына отбасы дағдарысының әсері және одан шығу жолдары.
Студенттер мен дәріс қонақтары сарапшыға сұрақтар қоюға, отбасылық кеңес беру тәжірибесінен нақты жағдайларды талдауға және отбасылық қатынастарға қатысты мәселелерді шешудің заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік алды.
Дәріс қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, бұл отбасылық психотерапия тақырыбының өзектілігін растайды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, тиімді әдістерді талқылауға және отбасы психологиясына қатысты мәселелерді терең зерттеуге тамаша алаң болды.
Sharmanov School of Health Sciences студенттерге психология саласындағы жетекші мамандардан құнды білім алуға мүмкіндік беретін осындай кездесулер ұйымдастыруды жалғастырады.