Алматы Менеджмент Университетінің «Қонақжайлылық және туризм» мектебі Қазақстан Республикасының ЖОО студенттік командаларын «В093 – Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиаданың форматы мен кезеңдері:
I кезең – Тіркелу және кіріспе тапсырма
2025 жылғы 12 мамырға дейін қабылданады:
-
Қатысуға өтінімдер;
-
Тақырып бойынша бейнепрезентация немесе бейнеролик:
«Клиенттік тәжірибе – ресторан ісі мен қонақүй бизнесі саласында ұмытылмас әсер қалыптастыру»; -
Олимпиада ережесі мен шарттарына сәйкес қажетті құжаттар топтамасы.
II кезең – Жобалық жұмыс
2025 жылғы 22 мамыр
Тақырыбы:
«Цифрлық виртуалды қонақүй/мейрамхана жасау: тұжырымдамадан клиенттік тәжірибеге дейін».
III кезең – Топ капитандарының байқауы
2025 жылғы 22 мамыр
Тапсырма: Қонақүй бөлмелерін жабдықтау стандарттары мен талаптарын тексеру.
IV кезең – «Лимонад симфониясы» шығармашылық байқауы
2025 жылғы 22 мамыр
Тапсырма: Сарапшылар тапсырмасы бойынша авторлық лимонад жасау.
V кезең – Интеллектуалдық викторина
2025 жылғы 23 мамыр
Тақырыбы: «Қонақүйге орналастыру кезіндегі SOP стандарттары».
Қатысу шарттары:
-
Олимпиада өткізу тілдері: қазақ және орыс тілдері;
-
Қатысу тек команда құрамында мүмкін;
-
Барлық материалдар тек электронды форматта қабылданады.
Өтінімдер мен бейнематериалдарды жолдау үшін электрондық пошта: Sht.conference@gmail.com