2025 жылдың 28 маусымы мен 2 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағында, көркем Имантау көлінің жағасында, елімізде алғаш рет Imantau Leadership Sailing көшбасшылық интенсиві ұйымдастырылды. Бірегей форматтағы бұл шара парус спорты мен басқарушылық дағдыларды дамыту элементтерін тірі фасилитациялық өзара әрекеттестік арқылы ұштастырды.
Интенсивтің ұйымдастырушысы – AlmaU Extension қосымша білім беру орталығы. Команда, білім аудиторияда ғана емес, сонымен қатар яхта палубасында да берілуі мүмкін екенін дәлелдеді.
Бес күндік көшбасшылық мектебіне Алматы, Астана, Атырау, Ақтау мен Шымкенттен келген кәсіпкерлер мен топ-менеджерлер жиналды. Қатысушылар тұрақсыз ортада – яғни BANI-реалиясында (сынғыш, үрейлі, сызықтық емес және болжап болмайтын ортада) өзін және командасын басқаруды тәжірибе жүзінде үйренді. Күн сайынғы бағдарлама тренингтік, практикалық және рефлексиялық бөлімдерден тұрды.
Бағдарламада не қамтылды?
Білім беру блогына авторлық тренингтер, шеберлік сабақтары мен кәсіби мамандардың қатысуымен өткен парус практикасы енді:
- Тимур Худайбергенов, «Bussiness Consulting Groups» холдингтік компаниясының тең құрылтайшысы және басшысы, белгісіздік жағдайында бизнесті масштабтау жөнінде сессия өткізді;
- Ербол Дайраш, «Erniyaz Media Group» негізін қалаушысы, жапонша серуендеу және табата жаттығулары бойынша шеберлік сабағын жүргізді;
- Жанат Омаров, капитан-нұсқаушы және парус блогының жетекшісі, қатысушыларға навигация негіздерін, яхтаны басқару мен командамен жұмыс істеу дағдыларын үйретті.
Күн сайын кешке қатысушылар шешім қабылдау процесін, туындаған қақтығыстарды, рөлдердің бөлінісін және қысым жағдайындағы мінез-құлық өзгерістерін талдаған фасилитациялық дебрифинг жүргізілді.
Өңірдің мәдени контекстін тереңірек сезіну үшін бағдарламаға экскурсиялар да қосылды: Шоқан Уәлиханов пен Айғанымның музей-үйі және «Ботай-Бурабай» археологиялық мұражайы.
Бес күндік су үстіндегі тәжірибеден кейін қатысушылар не алды?
- Белгісіздік жағдайында шешім қабылдап, команданы басқара алатын басқарушылық үлгіні нақты түсіну;
- Командалық тиімділікті арттыруға арналған, іс жүзінде тексерілген тәжірибелік құралдар;
- BANI-ортада көшбасшылық дағды – өзгерістер аясында бағытты сақтап, рөлдерді тиімді қайта бөле білу;
- Кеңейтілген дебрифинг және жеке инсайттар – өзіңіз, командаңыз және өзара әрекеттесу стиліңіз туралы;
- Мықты байланыстар – бір мақсат жолында иық тіресе жұмыс істеген кәсіпкерлер мен өзгеріс лидерлері арасындағы жаңа орта;
- Жарты жылға жететін мотивация – шабыт, жаңа күш пен нақты фокус арқылы күнделікті жұмысқа оралу.
Imantau Leadership Sailing – дәстүрлі оқыту форматын жаңаша қырынан көрсеткен, шынайы трансформациялық тәжірибеге айналған жоба ретінде есте қалды.