Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Сәуір айында AlmaU несімен есіңізде қалды?

02.05.2025

2025 жылдың 30 сәуірінде Almaty Management University-де «AlmaU April After Party» іс-шарасы өтті. Шара университет қызметкерлерінің айлық қорытындысын шығару, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерімен және алынған түсініктермен алмасу үшін басын қосты.

Департаменттер үшін бұл алаң атқарған жұмыстары туралы әңгімелесуге, жетістіктерімен бөлісуге және одан әрі даму бағыттарын белгілеуге жақсы мүмкіндік болды.

Іс-шараны AlmaU ректоры Гүлнара Күренкеева ашты. Оның айтуынша, мұндай кездесуді өткізу идеясы бөлімдер арасындағы өзара ара қатынысты күшейту және жобаларды жүзеге асыруда ашықтықты қамтамасыз ету ниетінен туындаған.

«Ректор болғандықтан мен мектептер мен орталықтар өткізетін іс-шаралар мен бастамалардың көпшілігіне қатысуға тырысамын. Дегенмен, қызметкерлердің басқа бөлімшелердің қызметінен үнемі хабардар болу мүмкіндігі бола бермейтінін түсінемін. Сондықтан біз әр команда өз жобаларын, идеяларын және жетістіктерін ұсынуы үшін барлығын біріктіруді шештік. Менің ойымша, олар шынымен де назар аударуға және ішкі қолдауға лайық».

Алғашқы болып Кәсіпкерлік және инновациялар мектебі мен Қонақжайлылық және туризм мектебінің декандары Данияр Медетов пен Азамат Әуезханұлы баяндама жасады. Олар 360-тан астам қатысушы мен 100-ден астам команданы біріктірген «Crackit: экономикалық тәжірибе» кейс жобасы жайлы айтып берді.

School of Transformative Humanities мектебінің атынан Шолпан Сағатова Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған трансформациялық гуманитарлық ғылымдар бойынша бірінші халықаралық конференцияға тоқталды. Конференция 19 сәуірде өтті және «Tolyq Adam» бағдарламасының тәсілдерін талқылайтын орынға айналды.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлия Ақпаева AlmaU делегациясының Норвегияға сапары тәжірибесімен бөлісті. Норвегияның мектептері мен университеттерінде спортшыларды дайындау және спорт менеджментін ұйымдастыру тәсілдерін зерттеу мақсатында AlmaU делегациясы еліміздің екі негізгі білім беру орталығына – Осло мен Лиллехаммерге барды.

Халықаралық тәжірбиені жалғастыра отырып, академиялық даму жөніндегі проректор Әсел Арын EKA университетіндегі (Рига) оқу аптасына және Erasmus+ бағдарламасы аясында өткен etECH2025 конференциясына қатысу нәтижелерімен бөлісті. Әсел Арыннан басқа AlmaU делегациясының құрамында ғылым жөніндегі проректор Тимур Булдубаев, Менеджмент мектебінің деканы Айман Қазыбаева және Цифрлық технологиялар мектебінің деканы Қуаныш Әбешев болды.

AlmaU президентінің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Меруерт Қазбекова Солтүстік Қазақстан облысындағы Лобанова ауылындағы Зейнеп колледжінің дамуы туралы айтты. Оның айтуынша, колледж аймақтық білім беру инфрақұрылымының маңызды элементіне айналуда.

Бірінші Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі өңірлік кезеңінің қорытындысымен Білімді дамыту институтының директоры Айжан Арын бөлісті. Оның бөлімшесі осы шараны ұйымдастырушылардың бірі болды.

Sharmanov School of Health Sciences мектебінің директоры Айжан Сапарғалиева өз кезегінде денсаулық сақтау сауаттылығы бойынша халықаралық конференцияның нәтижелерімен таныстырды. Бұл іс-шараның басты назары халықаралық тәжірибені біріктіру және инновациялық тәсілдерді дамыту болды.

Түлектердің мансаптық даму орталығы басшысының орынбасары Гүлбағира Қыздарбекова студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында қолдау көрсетуге бағытталған бастамалармен таныстырды Атап айтқанда, ол жақында AlmaU-да өткен кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін атап өтті. Университет студенттердің кәсіби дамуы мен еңбек нарығына сенімді шығуы үшін тұрақты түрде жағдай жасайды және бос орындар жәрмеңкесі осы қолдауды іс жүзінде жүзеге асыру құралдарының біріне айналды.

InnoBoost Winter 2025 жеделдету бағдарламасының нәтижелері туралы Технологияларды коммерцияландыру орталығының операциялық директоры Динара Молдағалиева мен жетекші менеджер Тахмина Пайзиева баяндады.

Келесі сөз кезегі студенттердің бастамаларына арналды. Өйткені студенттер университеттің негізгі мүдделі тараптары болып табылады, ал олардың дамуы басымдық болып табылады. Студенттерді дамыту орталығының жетекшісі Жанна Анесова студенттер үшін ұйымдастырылған іс-шараларға шолу жасады: AlmaU Dance 2025 байқауы, AlmaU Store Day студенттік базары, «Жыл спикері» жобасы, «Мәңгілік бала бейне» театрландырылған қойылымы. Бұл бастамалар студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын және олардың оқу жоспарынан тыс өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Кітапхана менеджері Анархан Өмірхан AlmaU Open Library – дің мәдени-ағартушылық рөліне тоқталды. AlmaU Open Library – да кітап және кино клубтары, шахмат турнирлері, цифрлық дағдыларға арналған тренингтер, сарапшылармен кездесулер және жаңа басылымдардың тұсаукесері үнемі өткізіліп тұрады. «Біздің кітапхана жаңа білімге ұмтылатын әрбір адам үшін тартымды орынға айналуда», – деп атап өтті ол.

Экономика және қаржы мектебінің деканы Шалқар Болуспаев «Қаржылық сауаттылық – қаржылық институттарға деген сенімді арттыру және халықтың қаржылық жауапты мінез-құлқын қалыптастыру факторы ретінде» атты дөңгелек үстелдің қорытындысымен таныстырды. Шара сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және бизнес өкілдерін жинап, қаржылық мәдениетті арттыру стратегияларын талқылады. Іс-шараның маңызды сәті AlmaU кітапханасының қорына қаржылық технологиялар мен экономика бойынша 18 заманауи басылымды сыйға тартқан Mastercard компаниясының үлесі болды.

Саясат және құқық мектебінің деканы Мадина Есіркепова халықаралық студенттер конференциясының қорытындылары мен мемлекеттік органдармен және бизнеспен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына тоқталды. Мектеп өз студенттеріне тағылымдамадан өту және тәжірибеден өту мүмкіндіктерін жасау үшін әлеуетті жұмыс берушілермен өзара әрекеттесудің жаңа форматтарын белсенді түрде іздеуді жалғастыруда.

Нұрия Хасанова «AlmaU Дауысы» қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды. 

Саясат және құқық мектебінің «Халықаралық қатынастар және экономика» білім беру бағдарламасының бағдарлама жетекшісі Камран Гусейінов студенттердің шахмат жарысындағы жетістіктеріне тоқталды. Ол Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында өткен жарыста екінші, Өзбекстанда өткен турнирде 4-орынға ие болған студенттік шахмат командасының жетістігін атап өтті. Шахмат AlmaU философиясына және интеллектуалдық құзыреттіліктерді (талдау ойлау, стратегиялық жоспарлау және шектеулі уақытта шешім қабылдау және т.б.) дамытуға бағытталған Tolyq Adam бағдарламасына толығымен сәйкес келеді.

Іс-шара жылы және бейресми жағдайда аяқталды. Қатысушылар ұсынылған бастамаларды одан әрі дамыту үшін идеяларын ұсынды.

Бұл кездесулер әсіресе маңызды, өйткені олар ішкі байланысты нығайтады, қызметкерлерге болып жатқан шаралар туралы хабардар болу мүмкіндігін береді және академиялық қоғамдастық аясында белсенді болуға және олардың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок