
12 қарашада AlmaU-да «Сенім зертханасы» – Club & Students Challenge атты далалық әлеуметтік эксперименттің қорытынды кезеңі өтті. Эксперимент «Қазақстан жастары арасындағы қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал: университеттік ортада қалыптастыру механизмдері (пәнаралық тәсіл)» (ИРН AP27510281) ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылды.
Іс-шараға университет өміріндегі өзекті мәселелердің шешімдерін іздеу үшін командаларға біріккен 150-ге жуық студент қатысты. Екі апта бойы қатысушылар студенттік қауымдастық үшін маңызды мәселелерді өз бетінше анықтап, оларды шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірледі.

Қорытынды кезең барысында командалар өз жобаларын сарапшылар қазылар алқасына таныстырып, ұсынған шешімдерін қорғады.
Жобаларды таныстыру нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған командалар анықталды:
1-орын — AlmaVibes
Жания Алтынбекова, Жансая Нурадинбекова, Сара Тенесбаева.

2-орын — Univoice
Софья Бледных, Аяна Молдабаева, Диана Солтанбекова, Жанар Ибрагимова.

3-орын — Vladimir Central
Арнур Турсынбай, Алихан Асиф, Ильяс Халыков, Дамир Шеризатов, Тюлегенов Ансар, Ислам Сулейманов.

Эксперимент студенттік қауымдастықтар ішінде сенімнің қалыптасу тетіктерін және оның бірлескен әрекетке айналу үдерісін зерттеуге бағытталды. Жобаға қатысу студенттерге өз идеяларын ұсынып қана қоймай, университеттік ортаны дамытуға практикалық үлес қосуға мүмкіндік берді.
Ғылыми нәтижелермен қатар, «Сенім зертханасы» студенттік бастамаларды жүзеге асыруға арналған тұрақты университеттік алаңның пилоттық үлгісіне айналып, студенттер мен AlmaU басшылығы арасындағы кері байланыстың қосымша арнасы болмақ.
«Сенім зертханасы» — студенттік идеялар университет үшін нақты шешімдерге айналатын кеңістік.