Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Шахматтан AlmaU студенттік командасы «New Uzbekistan Chess Cup» турнирінде Қазақстанның атынан шықты

03.05.2025

2025 жылғы 25-26 сәуірде Ташкенттегі Халықаралық шахмат академиясында шахматтан студенттер арасында Республикалық шахмат турнирі — Шахмат бойынша « New Uzbekistan Chess Cup» өтті. Турнир «New Uzbekistan» университетінің бастамасы бойынша Халықаралық шахмат академиясы мен Өзбекстанның шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Байқауға 30-дан астам жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Турнирде Қазақстанды AlmaU командасы 0здерін лайықты таныстырды.

Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын – Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті
2 орын – Ташкент мемлекеттік экономика университеті
3 орын – Өзбекстан Ұлттық университеті

Жеңімпаздар 2026 жылы Өзбекстанда да өтетін халықаралық шахмат Универсиадасына қатысу құқығын алды.

AlmaU командасы жоғары дайындық пен топтық ұйымшылдық танытып, құрметті 4-орынға ие болды. Команда құрамында:
* Жәңгір Бижігітов – Экономика және қаржы мектебінің 3 курс студенті
* Мұхтар Айнақұл – Саясат және құқық мектебінің 1 курс студенті
* Диана Михеева – Саясат және құқық мектебінің 1 курс студенті
* Алимбетов Диас – Менеджмент мектебінің 1 курс студенті

Алматыға оралғаннан кейін AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева және ректорат өкілдері студенттермен іскерлік түскі ас үстінде кездесті. Кездесу барысында қатысушыларды нәтижелерімен құттықтап, университетте шахмат бағытын дамыту жоспарлары талқыланды. Бұл тек бастамасы – жаңа турнирлер, жеңістер және AlmaU командасының дамуы алда екеніне сенімдіміз!

«New Uzbekistan»университеті ректорының кеңесшісі Оксана Будькоға берген ақпараты үшін алғысымызды білдіреміз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок