Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Шанханайда II халықаралық Shoqan Forum аясында Шоқан Уәлихановтың рухына тағзым етілді

10.11.2026

Жетісу облысында Шоқан Уәлихановтың ғылыми, тарихи және рухани мұрасын зерделеуге арналған II халықаралық Shoqan Forum жұмысы 2026 ж. қарашаның 6-сы Кербұлақ ауданының Шанханай ауылында жалғасады. Форумның екінші күні «Шоқан рухына тағзым: тарихи жады және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбына арналып, көрнекті ғалым, ағартушы әрі саяхатшының мемориалдық кешенінде өтеді.

Форумның Шанханай ауылында жалғасуы – ұлт тарихында айрықша орны бар тұлғаның мұрасын ұлықтауға, оның есімін ұрпақ жадында жаңғыртуға және тарихи сабақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Іс-шара бағдарламасы аясында форумға қатысушылар Шоқан Уәлихановтың жерленген орны мен мемориалдық музейіне барып, ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми қызметіне қатысты тарихи деректермен, мұраларымен танысады. Сондай-ақ, Ұлы Дала дәстүрі бойынша Шоқанның рухын еске алу Асы өткізіліп, қазақ халқының тарихи Ұлы тұлғасына тағзым ету дәстүрі мен рухани құндылықтарының сабақтастығы дәріптелді.

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектері – қазақ халқының ғана емес, тұтас адамзат өркениетінің интеллектуалдық қазынасының ажырамас бөлігі. Оның тарих, этнография, география, шығыстану салаларындағы зерттеулері ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, Ұлы Дала өркениетінің бай мұрасын әлемге танытуға жол ашты. Сондықтан Шоқан мұрасын сақтау мен зерделеу – өткенді құрметтеу ғана емес, оны бүгінгі ғылыми ізденістермен сабақтастырып, келешек ұрпаққа жеткізу міндеті.

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған форумның екінші күнін Шанханайда өткізу өңірдің тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық тұлғалардың есімін ұлықтау және олардың мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау бағытындағы жүйелі жұмысының маңызын айқындайды.

Айта кетейік, ІІ Shoqan Forum – Шоқан Уәлихановтың интеллектуалдық мұрасын заманауи ғылыми тұрғыдан зерделеуге, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және ғылым, мәдениет пен медиа өкілдері арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға арналған халықаралық диалог алаңы. Форум аясында Ұлы Даланың тарихи және интеллектуалдық мұрасын халықаралық ғылыми-мәдени кеңістікте таныстырудың жаңа мүмкіндіктері мен заманауи тәсілдері де талқыланды.

Шанханайдағы тағзым шарасы – Шоқан есімін еске алу рәсімі ғана емес, ұлттың тарихи жадын жаңғыртып, өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған рухани сабақтастықтың көрінісі.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок