Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Сіздерді халықаралық мұнай-газ саласы көрмесіне – Atyrau Oil & Gas 2026 шақырамыз!

31.03.2026

8-ден 10 сәуірге дейін Атырау қаласы Қазақстанның энергетикалық индустриясының орталығы болады! Атырау Көрме орталығында 23-ші Солтүстік-Каспий өңірлік көрмесі Atyrau Oil & Gas 2026 өтеді – бұл мұнай-газ саласында технологияларды көрсету, тәжірибе алмасу және стратегиялық ынтымақтастық үшін басты халықаралық алаң.

Көрмеге шамамен 100 компания қатысады: Австрия, Әзірбайжан, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей және АҚШ. Экспозиция саладағы өндірістік циклдің барлық кезеңін қамтиды: мұнай мен газды барлау мен өндіруден бастап жабдықтар, мұнайсервис қызметтері, автоматтандыру, КИП және өнеркәсіптік қауіпсіздік құралдарына дейін.

Іскерлік бағдарлама аясында жоспарланған: стратегиялық және панельдік сессиялар, саланың жетекші мамандары, бизнестің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Негізгі назар мұнай-газ саласының дамуы мен өңірдің өнеркәсіптік әлеуетіне аударылады.

Талқыланатын негізгі тақырыптар:
• Мұнай-газ секторының даму стратегиясы және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері
• Операторлардың инвестициялық бағдарламалары және өндірістік активтерді модернизациялау
• Саланы цифрлық трансформациялау: жасанды интеллект, цифрлық қосындылар, автоматтандыру
• Инфрақұрылымды дамыту және ірі индустриалды жобаларды іске асыру
• Арнайы экономикалық аймақтардың мұнай-газ химиялық кластерді қалыптастырудағы рөлі
• Өндірісті локализациялау және қазақстандық сервистік компаниялардың қатысуы
• Еуразия және Таяу Шығыс елдеріндегі индустриалды аймақтарды дамыту бойынша халықаралық тәжірибе

Іскерлік бағдарлама:
• 8 сәуір: Пленарлық сессия «Каспий аймағы: мұнай-газ саласы және индустриалды инфрақұрылымды дамыту» және Панельдік сессия «Мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау»
• 9 сәуір: Стратегиялық сессия «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың мұнай-газ химиялық кластерді дамытудағы рөлі»
• 10 сәуір: Жұмыс кездесулері және B2B-келіссөздер

Жаңа экспоненттер мен жергілікті өндірушілерге ерекше назар:
SLB, ТЭМПО-КАЗАХСТАН, ALTEZZA, CASPIAN GEO, TERRANOVA KAZAKHSTAN және басқалар – озық технологиялар мен жоғары сапа стандарттарын көрсетеді.

Көрме ҚР Энергетика министрлігі, Атырау облысы әкімдігі, АО «НК «ҚазМұнайГаз», KAZENERGY, KazService, PETROCOUNCIL қолдауымен өткізіледі.

Генеральдық серіктес: ТОО «Теңізшевройл»
Алтын серіктес: АО «Каспийлік Трубопроводтық Консорциум-К»
Ұйымдастырушылар: Iteca және халықаралық серіктесі ICA Events

📌 Өтетін орны: Атырау Көрме орталығы, проспект Абулхаир хана, 79

🎟 Қатысу және тіркелу: ресми сайт арқылы, промокод: AOGALMAU26

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок