Almaty Management University (AlmaU) 2025 – 2026 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі жүзеге асыратын Study in Kazakhstan мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясында іріктеуден өткен үміткерлерді құттықтайды.
Биыл 12 үміткер байқаудан сәтті өтіп, AlmaU-да бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсушілер қатарына үміткер ретінде енгізілді:
• Tabasom Raoufi
• Abdulrahman Suleiman
• Khalil Kamal
• Gulbadanbegim Xolmamatova
• Sarahat Sahar
• Mehr Angiz Dihqanpur
• Ahsan Azmain Zenith
• Mahnaz Dihqanpur
• Karina Trofimova
• Md Ifther Jahan Razin
• Abdul Farid Qais
• Aseel Abdulfattah Ahmed Abdulbari
Болашақ студенттер әртүрлі елдер мен мәдениеттерді таныстырады, бұл AlmaU-дың халықаралық білім беру ортасын одан әрі байыта түседі.
Назар аударыңыздар: кандидаттарды қабылдау барлық қажетті әкімшілік және визалық рәсімдер аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Анықтама:
2024 жылғы байқау нәтижесінде AlmaU-ға 8 үміткер қабылданған болатын. Олардың ішінен 4 студент Қазақстанға келіп, күзгі семестрде оқуын бастады. Бірінші оқу жылының қорытындысы бойынша келесі студенттер оқуды сәтті аяқтады:
• Shazia Azimi (Ауғанстан, Software Engineering)
• Al Amin Ben Jahid (Бангладеш, Туризм)
Study in Kazakhstan 2025 бағдарламасының толық тізімі сілтеме бойынша қолжетімді.