Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Transformative Humanities and Education мектебі құрылымындағы Құқық институтының директоры лауазымына конкурс жарияланады.

06.08.2025

  • Қызмет нәтижелері бойынша KPI-бонустар
  • Қосымша ақысы бар гранттық және коммерциялық жобаларға қатысу мүмкіндігі

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
  2. Ғылыми дәрежесі мен атағының болуы (қалаулы);
  3. Академиялық немесе әкімшілік басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  4. Жоғары білім беру жүйесінде кемінде 3 жыл оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметі тәжірибесінің болуы;
  5. Академиялық ортадағы операциялық басқару принциптерін білуі;
  6. Бюджеттік жоспарлаудың негіздерін білуі;
  7. Жоғары білім және ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық базаны білуі;
  8. Цифрлық дағдыларының жоғары деңгейде болуы;
  9. Сала серіктестерімен бірлескен жобаларды, инновациялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі;
  10. Академиялық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру тәжірибесі;
  11. Аккредиттеу агенттіктерімен жұмыс ұйымдастыру тәжірибесі;
  12. Конференциялар мен форумдарды ұйымдастыру тәжірибесі, модерация тәжірибесі;
  13. Сыртқы қаржыландыруы бар жобаларды тарту және жүзеге асыру тәжірибесі;
  14. Пәнаралық және инновациялық білім беру жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі;
  15. Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі;
  16. Қазақ тілін меңгеруі (қалаулы);
  17. Ағылшын тілін меңгеруі;
  18. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қатынастар орната алу қабілеті;
  19. Жеке бренд қалыптастыру негіздерін білуі;
  20. AlmaU стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар мен материалдарды ұсыну қажет:

  • Резюме (CV);
  • Жеке кадр есебі парағы және еңбек жолы тізімі;
  • Білім, ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ құжаты (түпнұсқалары салыстыру үшін);
  • Мотивациялық хат (1 бетке дейін);
  • Мектеп/Институтты дамыту стратегиясы (2 бетке дейін);
  • Соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі;
  • Санитарлық кітапша, флюорография, еңбек кітапшасының скан-көшірмесі (AlmaU-дың қазіргі қызметкерлері бұл құжаттарды тапсырмайды);
  • Соттылығының бар/жоқтығы туралы анықтама; наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама (AlmaU-дың қазіргі қызметкерлері бұл құжаттарды тапсырмайды);
  • Қосымша құжаттар (үміткер білімі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, соның ішінде бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат немесе мінездеме түрінде ұсыныс ұсынуға құқылы).

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2025 жылдың 5 тамызы мен 12 тамызы аралығында жолдауыңызды сұраймыз.
Конкурс форматы (онлайн/офлайн) және өткізу кестесі туралы ақпарат конкурс басталуынан 3 күн бұрын беріледі.

Құжаттарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады:

Конкурс AlmaU-дың ішкі ережелеріне сәйкес ашықтық және айқындық қағидаттары негізінде өткізіледі.

Өткізу уақыты мен форматы туралы нақты ақпарат қосымша хабарланады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок