2025 жылғы 13 қыркүйекте Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында Urban Night Almaty шарасы өтті. Ол белсенді қала тұрғындарын, кәсіпкерлерді, студенттерді, креативті индустрия өкілдерін және халықаралық бағдарламалардың түлектерін біріктірді.
Іс-шараның мақсаты – бизнес, инновациялық жобалар мен қалалық қауымдастықтар тоғысатын коммуникациялық алаң құру. Қатысушылар Алматы қаласының қалалық ортасын жақсарту жолдарын талқылап, урбанистика мен кәсіпкерліктегі шетелдік тәжірибемен және оны Қазақстан жағдайына бейімдеумен бөлісті. Орталық Азия қалалары – Бішкек, Душанбе, Ашхабад, Ташкент және басқалар арасындағы әріптестік мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
AlmaU-дың ғаламдық серіктестіктер жөніндегі проректор Шолпан Тазабек кіріспе сөз сөйлеп, университеттің урбанистика мен тұрақты даму мәселелеріне жоғары көңіл бөлетінін атап өтті.
Кештің бағдарламасына бірнеше форматтан тұрды:
-
Innovation Talks – қаладағы өмір сапасына әсер ететін технология мен бизнестің тоғысындағы шешімдер туралы диалог. Негізгі сессия «Әрекеттегі қала: жұмыс істейтін технологиялар» атауымен өтті.
-
Alumni Talks – америкалық бағдарламалардың (FLEX, Fulbright, IVLP және т.б.) түлектері халықаралық тәжірибені енгізу мүмкіндіктерімен бөлісті.
-
Business Talks – қазақстандық кәсіпкерлер инновациялар мен Қазақстанның болашағын талқылады.
Белгілі саясаттанушы әрі баспагер Досым Сәтпаев «Белгілі бір белгісіздік және мүмкіндіктер терезелері» атты лекция оқып, қалалар мен қоғамды дамыту перспективаларына тоқталды.
Қатарлас бағдарламада жергілікті бастамалар жәрмеңкесі өтті – хендмейд өнімдер, қайта өңдеу, «жасыл» стартаптар және тұрақты шешімдер ұсынылды. Қонақтар «Алматы Смогпен өмір сүруге бола ма?» фильмін көріп, сарапшылармен талқылады.
Форум бірлескен талқылау мен тәжірибе алмасудың Қала үшін жаңа шешімдерді қалай тудыратынын көрсетті. Ал AlmaU алаң ретінде ғана емес, қалалық ортаның болашағын қалыптастырудың белсенді қатысушысы болды.