Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

“Құқықтану” бағдарламасының студенттері үшін «сотқа дейінгі және соттағы медиация» тақырыбындағы қонақ дәріс

02.06.2025

2025 жылдың 30 мамырында сағат 11:00-де Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) Саясат және құқық мектебі «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс бакалавриат және 2-курс техникалық және кәсіптік білім беру (ТиПО) студенттері үшін онлайн форматта қонақ дәріс өткізді. Дәріс «Медиация» пәні аясында ұйымдастырылып, «Сотқа дейінгі және соттағы медиация» тақырыбына арналды.

Қонақ дәріскерлер:

Дәріске Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьялары – Асылбекқызы Дана мен Хасенова Әсем Ерқасымқызы қатысты. Олар дәрісті ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде жүргізді. Бұл формат түрлі топтағы студенттердің қатысуына және сұрақтар қоюына мүмкіндік берді.

Дәрістің негізгі тақырыптары:

  • Сотқа дейінгі және соттағы медиация рәсімінің ерекшеліктері мен тәртібі;

  • Соттағы татуласу рәсімдерінің мерзімі мен кезеңдері;

  • Медиация шеңберіндегі процессуалдық құжаттарды жасау;

  • Қазақстанда дауларды баламалы жолмен шешу әдістерін енгізудің өзектілігі мен құқықтық негізі.

Судьялар өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дауларды медиация арқылы шешу практикасы туралы айтып берді. Сондай-ақ тараптардың медиация процесіндегі құқықтық мәртебесі мен бұл әдістің қазіргі сот жүктемесі жағдайындағы тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушы:
AlmaU Саясат және құқық мектебінің ассистент-профессоры — Талапова Г.Т.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок