Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Yessenov Data Lab 2025: AlmaU-де болашақ деректер талдаушыларына арналған жазғы мектеп басталады

05.06.2025

2025 жылғы 16 маусым мен 11 шілде аралығында AlmaU университетінде болашақ деректер талдаушыларына арналған Yessenov Data Lab жазғы интенсиві өтеді. Бұл мектеп Yessenov Foundation (құрушысы – Ғалымжан Есенов) мен AlmaU тарапынан осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Қор өткізген байқаудың 20 жеңімпазы гибридті форматта (2 апта онлайн + 2 апта офлайн) машиналық оқыту, Python бағдарламалау, чат-боттармен жұмыс, тілдік модельдер, компьютерлік көру, тереңдетілген оқыту және нейрондық желілер тақырыптарын меңгереді. Алтыншы жазғы мектеп бағдарламасының басты ерекшелігі – жасанды интеллектті оқу бағдарламасына енгізу.

YDL 2025 оқытушыларының қатарында AlmaU-дың Цифрлық технологиялар мектебінің деканы, математик ғылым докторы Қуаныш Әбешев, Цифрлық трансформация институтының директоры Тимур Бакибаев, Meta компаниясының (Лондон) аға инженері Владислав Ющенко және Google DeepMind зерттеу инженері Никита Саксена бар.

Бір айлық оқу барысында қатысушылар Big Data талдау дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгереді, теория мен практиканы ұштастыра алатын мамандардан білім алып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген замандастарымен танысып, нетворкинг пен тимбилдингтен өтеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок