Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Yessenov Data Lab жазғы мектебіне өтінім қабылдау ашық

27.04.2026

Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры жас ғалымдар мен мамандарды Yessenov Data Lab (YDL) қарқынды оқу бағдарламасына қатысуға шақырады.

Төрт апталық курс үлкен деректерді талдау (Data Analytics) дағдыларын кәсіби деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді.

Қатысушылар Python бағдарламалау тілін, чат-бот әзірлеуді, машиналық оқытуды (Machine Learning) және компьютерлік көруді (Computer Vision) үйренеді. Биылғы бағдарламаның басты ерекшелігі – жасанды интеллект агенттерін (AI) әзірлеуге және үлкен тілдік модельдерді (LLM) меңгеруге басымдық берілуі. Сабақтарды отандық және халықаралық жетекші сарапшылар өткізеді.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған қатысушыларға Yessenov Data Lab сертификаты және AlmaU университетінің Болон процесінің халықаралық стандарттарына сәйкес академиялық транскрипті табысталады.

Жазғы мектепке 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алады: бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері, сондай-ақ техникалық және жаратылыстану бағытындағы мамандар.

Өтетін мерзімі: 17 маусым – 13 шілде

(15–26 маусым – онлайн, 29 маусым – 10 шілде – Алматы қаласында офлайн).

Қатысушылар саны: 20 адам

Өтінім қабылдау мерзімі: 28 сәуірге дейін

Қор басқа қалалардан келетін қатысушылардың жолақысы, тұруы және тамақтану шығындарын толық өтейді.

Толық ақпарат және өтінім беру: Yessenov Data Lab 2026 — Shakhmardan Yessenov Foundation

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок