Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Yessenov Launch Pad 2026: hard skills және soft skills дамытуға арналған қосымша оқуға 10 грант тағайындау конкурсы жарияланды

11.09.2026

Shakhmardan Yessenov Foundation  hard skills және soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын  жариялайды.

Өтінім бер, егер сен:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
  • Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;
  • Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 10 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!

Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!

Бұл үшін 2026ж. 10 қыркүйектен бастап 14 қазанға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканы;
  • неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек эссе;
  • түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  • Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
  • Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
  • Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;
  • Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар – 2 құжаттан артық емес;
  • Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруге асығыңыз Тіркелу және қатысу шарттары

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок