AlmaU Ғылыми кеңесі басқарушылық білімді, ғылыми саланы және университеттің дамуын ілгерілетуге сіңірген зор еңбегі үшін Жанат Қоланқызы Бердалинаны «AlmaU-дың Құрметті профессоры» атағымен марапаттады.
Салтанатты рәсім 2025 жылдың 31 қазанында MBA және DBA бағдарламалары түлектеріне диплом тапсыру кезінде өтті.

Жанат Бердалина – қаржы және менеджмент саласындағы жоғары білікті сарапшы, Polymetal-дің тәуелсіз директоры, «Erkin El» ҚБ теңқұрушысы және басқарма төрайымы, QID Құрметті мүшесі, сондай-ақ KPMG компаниясының Қазақстан мен Орталық Азия бойынша бұрынғы президенті және басқарушы серіктесі.
Оның кәсіби жолы – ұлттық және халықаралық деңгейдегі ірі ұйымдарда қабылданған стратегиялық шешімдер мен табысты басқарушылық тәжірибелердің жарқын үлгісі.
Жанат Қолановнаның AlmaU-ға қосқан үлесі ерекше.
2014 жылдан бері ол университеттің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып келе жатыр, ал 2017–2023 жылдар аралығында Кеңесті басқарып, AlmaU дамуында шешуші рөл атқарды.

Ол білім сапасына үлкен мән беріп, сабақтарға қатысып, оқытушылармен тәжірибесін бөлісіп, студенттермен тұрақты кері байланыс орнатты. Адами құндылықтарды алдыңғы орынға қойған жанашыр көзқарасы арқылы университет қауымдастығының бірлігін күшейтті.
Жанат Бердалинаның бастамасымен AlmaU-да жыл сайынғы тәуелсіз қаржылық аудит енгізіліп, университеттің ашықтығы мен сенімділік деңгейі айтарлықтай артты.
Сонымен қатар, Executive MBA және DBA қатысушыларына арналған оның қонақ дәрістері көптеген мамандардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар берді.

«Университеттің барлық ұжымы атынан сізге, Жанат Қоланқызы, AlmaU дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңіз, даналығыңыз және энергияңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сізді Құрметті профессор атағымен құттықтай отырып, бұл мәртебе біздің терең ризашылығымыздың белгісі болсын», – деді AlmaU президенті Асылбек Қожахметов.
AlmaU ұжымы Жанат Бердалинаның көпжылдық еңбегі, көшбасшылығы және білім беру құндылықтарына адалдығы үшін шынайы құрмет пен ризашылығын білдіреді.