2024 жылдың 6 наурызында Almaty Management University – де Almaty Tourism Bureau-ның директоры және «Tana» қоғамдық қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанованың дәрісі өтті. Іс-шара жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және өндірісте өз орнын табу тақырыбына арналды.
Дәріс барысында Камила Лұқпанова Almaty Tourism Bureau-ның жүзеге асырылып жатқан жобалар, мемлекеттік органдармен және шетелдік ықпал етушілермен өзара әрекеттесу стратегиялары, сондай-ақ Алматы брендін әлемдік аренада ілгерілету бойынша қабылданған қадамдар туралы айтты. Камилла студенттер үшін пайдалы кеңестермен бөлісе отырып, туризм және маркетинг саласындағы жеке тәжірибесіне ерекше назар аударды.
Лектор аудиторияны кәсіби даму туралы әңгімесімен шабыттандырады. Ол студент кезінен бастап белсенділік танытып, студенттік журналды құрғанын, журналдың әлі күнге дейін өзінің альма-матерінде жұмысын жалғастырып жатқанын айтты. Оның маңызды мансаптық белестерінің қатарында SNC-дегі жұмысы және XXVII Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017-ге дайындыққа қатысуы бар. Сондай-ақ, 2020-2023 жылдар аралығында Камила Болат Өтемұратов атындағы қордың әлеуметтік жобаларына жетекшілік етті. Бұл әртүрлі тәжірибелер оған құнды дағдыларды алуға және өзінің кәсіби жолын қалыптастыруға көмектесті.
Студенттер талқылауға белсене қатысып, спикерге түрлі сұрақтар қойды. Камила Лұқпанова: «Қорқыпандар, сүйіспеншілік пен сенім көп болсын» деген мотивациялық кеңеспен бөлісті. Кездесу соңында ол студенттерді өз ұжымында бірлесіп жұмыс істеуге және тәжірибеден өтуге мүмкіндік барын айтып, студенттерді қуантты.
AlmaU Медиа және Кино мектебі кәсіби коммуникацияларды дамытуға студенттерге мүмкіндіктер жасауды жалғастыруда. Осы іс-шараны ұйымдастыру, осы салада орындары ерекше мамандарды шақыру және дәріс өткізу сонын дәлелі.