Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық білім беру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар қабылданады

24.12.2025

AlmaU қызметкерлері мен оқытушыларын 2026 жылғы 18 наурызда онлайн форматында өтетін «Жасанды интеллект дәуірінде цифрлық білім беру» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға әр түрлі елдерден келген сарапшылар қатысып, жоғары білімді трансформациялауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлін талқылайды – оқыту сапасын арттырудан бастап университеттерді басқаруға, оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға дейін. Негізгі назарда – қазіргі заманғы білім беру практикалары, деректерді аналитика, цифрлық шешімдердің этикасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ ғылым, мемлекет және EdTech-бизнес арасындағы өзара әрекеттестік.

Конференция шеңберінде негізгі тақырыптар талқыланады: білім берудегі ЖИ қолдану, болжамды аналитика және машиналық оқыту, деректерге негізделген шешім қабылдауды қолдау жүйелері, виртуалды және толықтырылған шындық, қашықтықтан және гибридтік оқытуды трансформациялау, білім беру технологияларындағы киберқауіпсіздік, сондай-ақ бағдарламалау мен есептеу логикасын үйрету.

Конференция бағдарламасына пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар және тәжірибе алмасу алаңдары кіреді. Қатысуға университеттер, зерттеу орталықтары және EdTech-компаниялардың өкілдері шақырылады – баяндама жасай отырып та, жасамай та қатысуға болады.

Қатысу үшін онлайн тіркеуден өту қажет, қатысу форматын және қатысушы статусын көрсету керек. Тіркелгеннен кейін материалдар (мақалалар немесе тезистер) оргкомитеттің электрондық поштасына жіберіледі. Материалдардан электрондық жинақ конференцияның ашылуына дейін жарияланады және ресми сайтта орналастырылады.

Қатысу шарттары, жариялауға қойылатын талаптар және материалдарды тапсыру тәртібі ақпараттық хатта (PDF) көрсетілген – Информационное письмо

Маңызды мерзімдер:

  • Өтінімдер мен материалдарды қабылдау –  2026 жылдың 15 ақпанына дейін

  • Қабылданғаны туралы хабарлау –  2026 жылдың 20 ақпанына дейін

  • Конференция бағдарламасының жариялануы –  2026 жылдың 1 наурызында

Конференция туралы толық ақпарат: Digitalization of Education in the Era of AI — Conference

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок