2025 жылдың 17–27 қараша аралығында AlmaU Tolyq Adam School of Transformative Humanities and Education Институты «Толық адам: образование и личностное развитие в XXI веке» атты білім беру іс-шараларының сериясын өткізіп, Алматының жетекші жоғары оқу орындарының, білім беру ұйымдарының және ҮЕҰ өкілдері – оқытушыларды, зерттеушілерді, сарапшыларды және студенттерді біріктірді.
Қорытынды оқиға – «Tolyq Adam: Education for the Future» финалдық форумы болды, ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Акерке Абылайханның қатысуымен ерекше назар аудартты.

Өз сөзінде Акерке Абылайханқызы жоғары білімде тұлғаның тұтас дамуына басымдық берудің стратегиялық маңызын атап өтіп, жастармен жұмыс бойынша мемлекет айқындаған басымдықтарды белгіледі. Ол қарқынды технологиялық өзгерістер, әлеуметтік поляризация және күрделі жаһандық контекст жағдайында университеттердің рөлін қайта ойластыру қажеттігіне назар аударды.
Мемлекет БасшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына жүгіне отырып, ол бүгін «білім тек қана білім берумен шектелмей, уақыт сынына төтеп беретін кемел тұлға қалыптастыруы тиіс» екенін атап өтті. Президент бірнеше рет: «Әлемдік ғылыми және технологиялық тәжірибелерді меңгерсек те, өз құндылықтарымыз бен мәдени негіздерімізді жоғалтпауымыз керек» деп атап өткен. Акерке Абылайханның айтуынша, дәл осы ұстанымдар жоғары білімді жаңғыртуға әдіснамалық негіз болып табылады.
Ол жастармен цифрлық ортада жұмыс істеудің, волонтерлікті дамытудың және студенттердің әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуының маңызын айтты, сондай-ақ азаматтық позиция мен моральдық тұғыр қалыптасатын орта ретінде университеттердің рөлін ерекше атап өтті.

«Тұлға тәрбиелеу» – өз дәстүрімізге сүйеніп құра алатын және құруға тиісті құндылық. Жастармен әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, волонтерлік пен әлеуметтік жобаларды дамыту маңызды. Университеттік ортада Абай мұрасы мен ұлттық идеологияның маңызына ерекше тоқталғым келеді. Студенттерді белсенді, жауапты болып, қоғам дамуына үлес қосуға шақырамын», – деп атап өтті ол.
Акерке Абылайхан AlmaU жүзеге асырып отырған Tolyq Adam бағдарламасына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағдарлама жоғары білімнің жаңа сапасын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам, онда орталықта – адам, оның құндылықтары, ойлауы, икемділігі және әлеуеті тұр.
Білім беру декадасы: негізгі оқиғалар
Он күндік бағдарлама аясында AlmaU-дың Tolyq Adam Институты:
- «Болашақ тұлғаның архитектурасы» форсайт-сессиясын;
- мотивация, коммуникация, soft skills және инклюзивті тәжірибелер бойынша мастер-кластарды;
- «Ойдан зерттеуге: сыни ойлау және зерттеу дизайны» атты дөңгелек үстелді;
- TED форматындағы Tolyq Adam Talks;
- Зира Наурызбаеваның «Экология және қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты қонақ дәрісін ұйымдастырды.

Сондай-ақ AlmaU Tolyq Adam Институтына құрамына КазГАСА мен Қазақ-Американ университеті кіретін Халықаралық Білім Корпорациясы (МОК) келді. Іссапар барысында «Толық Адам» бағдарламасы, оның негізгі тәсілдері мен тұлғаның тұтас дамуы философиясы таныстырылды. Презентация МОК басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамының жоғары қызығушылығын тудырып, TOLYQ ADAM моделінің маңыздылығын және оны Қазақстанның білім беру ұйымдарына кеңінен енгізу әлеуетін дәлелдеді.
Барлық іс-шаралар XXI ғасырдың сын-қатерлеріне жауап беретін гуманистік бағдарланған білім беру моделін талқылауға бағытталды. Технологиялық революциялар, экологиялық қауіптер және әлеуметтік фрагментация дәуірінде эмпатиясы, сыни және шығармашылық ойлауы, этикасы және төзімділігі бар тұлға қалыптастыру ерекше маңызды.
AlmaU-дағы Tolyq Adam философиясы
Абай Құнанбайұлының мұрасынан шабыттанған Tolyq Adam моделі ақыл, жүрек және қайрат үйлесімін болжайды. Бағдарлама LEADER құзыреттері төңірегінде құрылымданған:
- Lifelong Learning – мотивация, өзін-өзі тану
- Empathy – белсенді тыңдау, әлеуметтік сезімталдық
- Analytical, Critical, and Creative Thinking – аналитикалық, сыни және креативті ойлау
- Discourse & Dialogue – коммуникация: ауызша, жазбаша және визуалды
- Ethics – азаматтық ұстаным, экологиялық жауапкершілік
- Resilience – икемділік, бейімділік, тұрақтылық
Финалдық сессия AlmaU және серіктес ұйымдардың оқытушыларын, зерттеушілерін және практиктерін біріктіріп, білім беруді трансформациялау және тұлғаны кешенді дамыту мәселелеріне қатысты кең ауқымды көзқарастарды ұсынды. 
Спикерлердің баяндамалары AlmaU-дың трансформациялық тәсілінің жалпы көрінісін толықтырып, Tolyq Adam бағдарламасының пәнаралық сипатын және оның бастауыш мектептен жоғары мектепке және кәсіби қауымдастықтарға дейінгі білімнің түрлі деңгейлеріне сәйкестігін айқындады.
Сессия барысында Tolyq Adam бағдарламасының негізгі бағыттары да таныстырылды, соның ішінде гуманитарлық білім мазмұнын трансформациялау, сыни ойлауды және зерттеу дизайны дағдыларын дамыту, азаматтық идентичтілікті қалыптастыру, өмір дизайны, қоғамға қызмет ету, биохакинг және коммуникативтік құзыреттерді дамыту.
Жоғары білім жүйесі үшін стратегиялық маңызы
Акерке Абылайханқызының финалдық форумға қатысуы Tolyq Adam бағдарламасының маңызын мойындаудың және AlmaU бастамаларының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарына толық сәйкес келетінінің маңызды айғағы болды.
AlmaU заманауи гуманитарлық практикаларды енгізетін және саналы даму мен қоғамға қызмет етуге бағытталған жаңа буын лидерлерін қалыптастыратын инновациялық білім беру платформасы ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Университет өз тәжірибесімен басқа білім беру ұйымдарымен бөлісуге дайын, өйткені даму жүйелі, бірізді және озық әлемдік және отандық тәжірибелерге негізделуі тиіс.