Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU, Stanford, University of California, Berkeley және АҚШ-тың басқа университеттері: ынтымақтастықтың жаңа архитектурасы 

30.04.2026

2026 жылдың сәуір айында AlmaU делегациясы – президенті және негізін қалаушысы Асылбек Кожахметов, Көшбасшылық институтының директоры Айгерім Елібаева

және Білім беру институтының директоры Даяна Балгабекова АҚШ-қа іс-сапармен барды. Сапар аясында Лос-Анджелесте өткен American Educational Research Association 2026 (AERA) жыл сайынғы конференциясына қатысып, сондай-ақ бірқатар университеттер мен сараптамалық орталықтармен кездесулер өткізілді. Негізгі мақсат – ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу. 

AlmaU-дың AERA 2026 конференциясына қатысуы

AlmaU президенті Асылбек Кожахметов Джордж Вашингтон университетінің Білім және адам дамуының жоғары мектебі ұйымдастырған азаматтық білім беру және азаматтық құзыреттерді дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. 

«Бүгін біз “жоғары білімнен” “терең білім” (deeper education) тұжырымдамасына көшу қажеттілігіне келіп отырмыз. Оның мақсаты – тек еңбек нарығына маман дайындау емес, этикалық ұстанымы берік, қоғамға нақты әсер ете алатын тұлға қалыптастыру. Бұл тәсілдің негізінде Абай Құнанбайұлының “Толық адам” идеясы жатыр – ақыл, жүрек және қайраттың үйлесімі. Мұндай тұтастық адамға тек білім жинауды ғана емес, түсінуді, сезінуді және әрекет етуді үйретеді. Жасанды интеллект дәуірінде білім берудің басты міндеті – “Неге біз дәл осылай ойлаймыз?” деген сұрақты қоя білу және дайын жауаптарды шындық ретінде қабылдамау», – деп атап өтті Асылбек Кожахметов. 

Диалогтан жүйелі ынтымақтастыққа
АҚШ-тың ең көне университеттерінің бірі – Stanford University-де ұзақмерзімді академиялық және институционалдық серіктестікке арналған бірқатар стратегиялық кездесулер өтті. 

Негізгі кездесу халықаралық зерттеулер институтының Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығының (Stanford Center on Democracy, Development, and the Rule of Law) жетекшілері профессорлар Френсис Фукуяма және Эрик Дженсенмен өтті. 

AlmaU үшін басым бағыттар ретінде академиялық байланыстарды күшейту және Орталық Азияда аймақтық бастамаларды дамыту белгіленді. Бұл тек дәстүрлі білім беру бағытымен шектелмей, зерттеу, практика және мемлекеттік саясаттың тоғысындағы жаңа бағыттарды қалыптастыруды да қамтиды. Осы мақсатта Leadership Academy of Development бастамасының қатысуымен Central Asia Case Lab құру ұсынылды – Африкадағы, Таяу Шығыстағы және Орталық Азиядағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған орталықтың бастамасы. 

«Бұл жобалар Фрэнсис Фукуяманың 2023 жылы, соның ішінде AlmaU-ға алғашқы сапарына қарамастан әлі жүйелі емес. Ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту қажет, – дейді Көшбасшылық институтының директоры  Айгерім Елібаева. – Сондықтан AlmaU командасы қолданбалы зерттеулер мен далалық жобаларды дамыту үшін Central Asia Case Lab орталығын құруды ұсынды. Бұл 5-10 жылға арналған зерттеу басымдылықтарын қалыптастырып, халықаралық сарапшылармен тұрақты байланыс орнатуға, оқытушылар мен студенттерді тартуға мүмкіндік береді».


Болашақта AlmaU аймақта Stanford University-дің негізгі академиялық және зерттеу серіктесіне айналуды көздейді.  Сондай-ақ Stanford Graduate School of Business-тің Executive Education бағыты бойынша бизнес-даму директоры Мона Ванг Майемен кездесу өтіп, ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Бұдан бөлек, Stanford Graduate School of Education-пен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Кездесу аясында GSE Makery зертханасына экскурсия ұйымдастырылды – бұл шығармашылық зерттеулер мен бірлескен жұмысқа арналған инновациялық білім беру кеңістігі. 

Академиялық алмасудан зерттеулер альянстарына  University of California, Berkeley-де өткен кездесуде ынтымақтастықтың жаңа деңгейі айқындалды: нақты деректермен жұмыс, симуляциялар жүргізу, қолданбалы зерттеулер мен бірлескен жарияланымдар, студенттер мен оқытушыларды тарту. Сонымен қатар AlmaU үшін серіктестік экожүйесін бейімдеу, бірлескен курстар мен бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігі талқыланды. 

Вашингтондағы халықаралық саяси институт өкілдері офлайн және онлайн форматта бірлескен білім беру курстарын әзірлеуді көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екендерін білдірді. 

George Washington University жанындағы Elliott School of International Affairs-пен бірлескен зерттеулер, академиялық алмасу бағыттары бойынша келісімге қол жеткізілді. 

George Mason University құрамындағы Schar School of Policy and Government- пен кездесуде тараптар академиялық алмасумен қатар зерттеу орталықтарын дамытуға институционалдық деңгейде қатысу қажеттігін атап өтті. 

Lehigh University AlmaU үшін білім беру моделінің қарқынды дамуының үлгісі ретінде қарастырылды. Университет гибридті оқыту форматтарын (60%-ға дейін онлайн), үздіксіз білім беру мен икемді бағдарламаларды белсенді енгізуде. 

Indiana University (Indianapolis Campus) базасында академиялық ұтқырлық, бірлескен бағдарламалар мен институционалдық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Michigan State University- де білім беру саясаты және халықаралық ынтымақтастық бойынша халықаралық симпозиум өтті. AlmaU заманауи білім беру тәсілдерін және  серіктестікті дамыту тәжірибесін ұсынды. 

Венчурлік бағытқа көшу
AlmaU делегациясы Silk Road Innovation Hub орталығына да барды. Оның негізін қалаушы Асет Абдуалиев университеттің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі ретінде AlmaU  жетістіктері жаңа көзқарасты талап ететінін атап өтті. 

«Оқытушылар мен студенттер арасында жасампаз ойлау мәдениетін қалыптастыру қажет – “армандау және өзгерту” қабілетімен идеялар нақты нәтижелерге айналады», – деді ол. 

Келесі кезеңде AlmaU инновациялық экожүйені күшейтіп, қоғамдағы өзгерістердің драйвері ретіндегі рөлін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Тұрақты кампус
UC Berkeley-де тұрақты даму және инфрақұрылым мәселелері бойынша директор Линкольн Блевианспен кездесу өтті. Онда тұрақты кампустарды дамыту тәжірибесі және AlmaU болашақ кампусын жобалауда қолдануға болатын тәсілдер талқыланды. 

Stanford University-де де энергия инфрақұрылымын басқарудың озық тәжірибесі зерттелді. Университеттің жүйесі жылу, су және энергиямен жабдықтауды бірыңғай автоматтандырылған кешенге біріктіреді. Бұл ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Stanford Engineering Summer Institute бағдарламасында білім беру нақты инженерлік міндеттерді шешуге негізделген, ал кампус тұрақты технологиялардың тәжірибелік зертханасы ретінде қызмет етеді. 

Бұл тәжірибе AlmaU инфрақұрылымдық және білім беру жобаларын дамытуда маңызды бағдар ретінде қарастырылуда. 

Сапар аясында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде де кездесу өтті. Тараптар ағымдағы жобалармен алмасып, академиялық және қолданбалы зерттеулер саласындағы ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Қазақстан мен аймақ бойынша объективті зерттеулер санын арттыру қажеттілігі ерекше атап өтілді. 

Жалпы, АҚШ-қа жасалған бұл сапар AlmaU-дың халықаралық деңгейдегі жоғары беделін көрсетіп, әлемнің жетекші білім беру және зерттеу орталықтарымен жаңа серіктестіктерге жол ашты. 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок