Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да АҚШ-тың Academy of Management өкілдерімен кездесу өтті

01.06.2026

2026 жылғы 28 мамырда AlmaU-де университет басшылығы мен Academy of Management, АҚШ өкілдерінің кездесуі өтті. Academy of Management – менеджмент және ұйымдастырушылық ғылымдар саласындағы зерттеушілер мен сарапшыларды біріктіретін жетекші халықаралық кәсіби қауымдастықтардың бірі.

Academy of Management өкілдерінің Алматыға сапары CAP: Silk Road Workshop, Almaty, Kazakhstan аясында өтті. Бұл – Орталық Азия елдеріндегі академиялық ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу әлеуетін нығайтуға және менеджмент саласындағы зерттеулерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған екі күндік воркшоп.

Academy of Management тарапынан кездесуге:

  • Marko Vukosavovic – Academy of Management қаржы директоры
  • John Pescatore – Academy of Management контент және жарияланымдар жөніндегі директоры
  • Irina Burns – Community Accelerator Program жаһандық менеджері және Academy of Management аға басқарушы редакторы
  • Matthew Cronin – George Mason University профессоры қатысты.

AlmaU тарапынан қонақтарды:

  • Асылбек Кожахметов – AlmaU Президенті және Негізін қалаушы
  • Руслан Кожахметов – AlmaU Вице-президенті
  • Шолпан Тазабек – жаһандық серіктестік жөніндегі проректор
  • Рената Кудайбергенова – ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор
  • Салтанат Масакова – Менеджмент мектебінің халықаралық ынтымақтастық және аккредитация жөніндегі декан орынбасары
  • Аиша Мусабекова – Менеджмент мектебінің зерттеулер жөніндегі декан орынбасары қарсы алды.

AlmaU мен Academy of Management өкілдерінің таныстығы бұған дейін Литвада өткен BMDA конференциясы аясында басталған болатын. Онда тараптар ортақ кәсіби мүдделер мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. AlmaU-да өткен кездесу осы диалогтың заңды жалғасы болып, бірлескен жұмыстың ықтимал бағыттарын нақтырақ талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында тараптар бизнес-білім беру мен басқару ғылымын дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану, менторлықты дамыту, зерттеу күн тәртібі, академиялық жарияланымдар, impact-тәсіл және қазіргі менеджментті дамытудағы университеттердің рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

AlmaU-дың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Рената Кудайбергенова ынтымақтастықтың бірқатар практикалық форматтарын қарастыруды ұсынды. Атап айтқанда, Academy of Management өкілдерін AlmaU-дың «Коллоквиум» ғылыми журналына автор, редактор немесе сарапшы ретінде қатысуға шақыру, сондай-ақ Scopus базасына кіретін журналдарда және басқа да жетекші халықаралық ғылыми басылымдарда бірлескен мақалалар жариялау мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар тараптар Academy of Management өкілдерінің 2026 жылғы 28 мамырда Narxoz Business School базасында өткен UN PRME Chapter Eurasia Annual General Meeting іс-шарасына қатысуын бөлек талқылады. 2021 жылдан бастап AlmaU KIMEP, Narxoz және басқа да университеттермен қатар UN PRME Chapter Eurasia ұйымының тең құрылтайшыларының бірі болып табылады. Бұл университеттің өңірде жауапты басқару білімін және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытудағы белсенді рөлін көрсетеді.

Кездесу ашық әрі нәтижелі атмосферада өтті. Қатысушылар AlmaU мен Academy of Management арасындағы зерттеу, жарияланым белсенділігі, академиялық қауымдастықты дамыту және Орталық Азиядағы басқару ғылымын жаһандық деңгейде ілгерілету бағыттарындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок