
AlmaU базасында Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай кезекті HR-сағат өтті. Кездесу профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктеріне арналды.
HR-сағат барысында AlmaU оқытушыларына арналған үш бағыт бойынша білім беру бағдарламалары таныстырылды. Олар: оқыту әдістемесі, инклюзивті білім беру әдістемесі және жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану.
Бағдарламалар аясында оқытушылардың күнделікті кәсіби қызметінде қолдана алатын практикалық құралдарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, инклюзивті білім беру қағидаттары және жасанды интеллект мүмкіндіктері қарастырылды.

«Біз үшін оқытушыларымыз – университеттің басты құндылықтарының бірі, сондықтан олардың үнемі дамуына, жаңа тәсілдер мен құралдарды меңгеруіне мүмкіндік жасағымыз келеді. Бүгінде білім беру саласы қарқынды өзгеріп келеді, сондықтан біз де соған сай өзімізді үнемі дамытуымыз маңызды. Мұндай бағдарламалар кәсіби құзыреттерді арттырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар табуға және оларды студенттермен жұмыс барысында қолдануға мүмкіндік береді»,
– Ситора Мустафаева, ұйымдастырушылық даму департаментінің бас менеджері.
Оқыту әдістемесіне арналған бағдарлама 5 қазанда басталады. Бағдарлама мен оқу кестесі туралы толық ақпарат қосымша ұсынылады.

Сондай-ақ HR-сағат аясында UMAIA челленджінің кезекті жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осы айдың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер:
1 орын – Мақпал Аусадықова, AlmaU кітапханасының менеджері.
2 орын – Жасарал Құрманбеков, AlmaU веб-сайтының модераторы.
3 орын – Ардак Карибжанова, AlmaU кітапханасының менеджері.
AlmaU оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби дамуына жағдай жасауды жалғастырып келеді. Университет үшін мамандардың құзыреттерін жетілдіру – заманауи жоғары білім беру сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі.

Барша оқытушыларды, қызметкерлерді және жоғары білім беру саласының мамандарын кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа кәсіби жетістіктер, тың идеялар, қызықты жобалар мен еңбектеріңізге шабыт тілейміз. Білім мен ғылымның дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!