Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU отандық өнімдер жәрмеңкесінде жергілікті өндірушілердің басын қосты

16.06.2026

AlmaU-де өткен IAUP Central Asia 2026 өңірлік конференциясы аясында жергілікті өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара жергілікті фермерлерді, кәсіпкерлерді және азық-түлік өндірушілерін біріктірді. Қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін, табиғи азық-түліктерді және өздері өндірген басқа да тауарларды ұсынды.

Жәрмеңке жергілікті брендтердің өнімдерімен танысу алаңы ғана емес, кәсіби байланыс орнатуға арналған кеңістікке де айналды. Фермерлер мен өндірушілер жаңа іскерлік байланыстар орнатып, тәжірибе және білім алмасты. Сонымен қатар олар өндірістің заманауи тәсілдерін, өнімдерді ілгерілету жолдарын және ауыл шаруашылығын орнықты дамыту мәселелерін талқылады.

Университет пен жергілікті қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. AlmaU өндірушілерге кеңес алу, білім алмасу және заманауи технологиялармен танысу мүмкіндіктерін ұсына отырып, қолдау көрсетеді. Жергілікті фермерлер мен азық-түлік өндірушілері университеттің инфрақұрылымы мен сараптамалық ресурстарына, соның ішінде AlmaU-дың бизнес-серіктесі «Magnum Cash&Carry» ЖШС қолдауымен құрылған нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасына қол жеткізе алады. Бұл ресурстар өнім сапасын жетілдіруге және ауыл шаруашылығын жүргізудің неғұрлым орнықты әдістерін енгізуге ықпал ете алады.

IAUP халықаралық конференциясы аясында осындай іс-шараларды өткізу жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға, отандық өнімдерді насихаттауға және университет, бизнес пен ауыл шаруашылығы қауымдастығы арасындағы орнықты серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок