
AlmaU халықаралық академиялық ынтымақтастық аясын кеңейтіп, түркі мемлекеттерінің білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді. Университет 2024 жылғы 20 мамырдан бастап Түркі университеттері одағының (TURKUNIB) толыққанды мүшесі болып табылады. Университеттің мүшелігін растайтын ресми сертификат 2026 жылғы 1 қыркүйекте Ыстанбұл қаласында берілді.
TURKUNIB (Turkic Universities Union) – Түркі мемлекеттері ұйымының қамқорлығымен жұмыс істейтін және түркі әлеміндегі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық университеттік платформа. Бүгінде Одақ жеті елдің: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 170 университетін біріктіреді.
TURKUNIB қызметінің негізгі бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлықты дамыту. Одақ аясында жүзеге асырылатын Orhun алмасу бағдарламасы студенттер мен оқытушыларға қатысушы мемлекеттердің университеттерінде білім алу, сабақ беру және кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Академиялық ұтқырлықпен қатар, Одақ қызметі бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, университеттер арасында тәжірибе алмасу, білім беру стандарттарын жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту және мәдени байланыстарды нығайту бағыттарын қамтиды.
TURKUNIB мүшелігі AlmaU үшін түркі мемлекеттерінің университеттерімен серіктестік байланыстарды нығайтуға, халықаралық академиялық ұтқырлықты дамытуға және бірлескен білім беру мен ғылыми бастамаларға қатысуға қосымша мүмкіндіктер ашады.