Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU БСҚБТА аккредитациясын 7 жылға алды

07.06.2024

2024 жылы наурыз айының 26, 27 және 28 күндері AlmaU-ға университетті институционалдық аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудит жүргізу үшін БСҚБТА сарапшылары (білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік) келді.

БСҚБТА Сараптама комиссиясының құрамына Эстония мен Қазақстаннан 7 ұлттық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері кірді.

Сараптама тобын Мырзағалиева Анар Базарқызы – Астана халықаралық университетінің бірінші вице-президенті, профессоры, биология ғылымдарының докторы басқарды. Сараптамалық топ құрамына:

  • Natalie Aleksandra- Gurvits-Suits – Халықаралық сарапшы, экономика және қаржы ғылымдарының докторы, Таллин технологиялық университеті, Бизнес және Басқару мектебі
  • Байкенов Жасұлан Ерболұлы – сарапшы, бірінші проректор, «Менеджмент» бағыты бойынша PhD докторы, Қазақстан-Американдық еркін университеті
  • Кушебина Гульнара Маликқызы – сарапшы, студенттерге қызмет көрсету және тіркеу бөлімінің басшысы, ф.ғ.д., Есіл университеті
  • Есенжан Аида Нұрманбекқызы – Жұмыс берушілер өкілі, Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлері одағының коммерциялық департаментінің директоры
  • Шаповалова Диана Алексеевна – Студенттер өкілі, «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, Халықаралық бизнес университеті
  • Джигитчеева Қарлығаш МұхареденқызыБСҚБТА үйлестірушісі, ЖОО-дары мен ғылыми-зерттеу институттарын аккредиттеу департаменті

Сапар барысында қонақтар университеттің инфрақұрылымымен, оқу орнының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарымен танысты. Комиссия мүшелері оқу процессінің негізгі мүдделі тұлғаларымен – университеттің қамқоршылары мен басшыларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, мектеп декандарымен және бағдарлама жетекшілерімен, педагогикалық ұжыммен, жұмыс берушілермен, барлық деңгейдегі студенттермен және түлектермен сұхбат жүргізді.

Сыртқы аудит жүргізу барысында сарапшылар құжат айналымымен, оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық қамтамасыз етумен, веб-сайтпен, оның навигациясы мен мазмұнымен, сондай-ақ университеттің ақпараттық-коммуникациялық құрылымымен көбірек танысу мақсатында университеттің нормативтік құжаттамасын, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа электрондық ресурстарда өкілдік ету процессін зерттеді. Сыртқы сапар бойынша жоспарланған іс-шаралар университет құрылымын, оның қызметін неғұрлым егжей-тегжейлі түсінуге ықпал етті және сыртқы сарапшыларға өзін-өзі бағалау туралы есеп деректерінің істің нақты жағдайына сәйкестігін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік берді.

Сараптамалық топтың сапар қорытындысы бойынша 2024 жылы 11 мамырда өткен Аккредиттеу кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша шешім шығарылды: «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесін 7 жыл мерзіміне аккредиттеу берілді және аккредиттеуден кейінгі мониторинг шеңберінде аккредиттеу мерзімінің ортасында университетке іссапар жасау көзделді.

Сарапшылар жақсартуды қажет ететін бағыттарды ұсынды. Университет мамандардың келесі бағыттар бойынша барлық 10 аккредиттеу стандартына толық сәйкестігін атап өткенін қуана хабарлайды: Миссия, стратегиялық жоспарлау және сапаны қамтамасыз ету саясаты; Этика және академиялық адалдық; Менеджмент және ақпаратты басқару; студентке бағытталған оқу, оқыту және бағалау; Студенттерді қабылдау, оқу нәтижелері, тану және біліктілік; Білім беру бағдарламалары: оларды әзірлеу, тиімділігі, үздіксіз бақылау және уақытылы бағалау; рофессорлық-оқытушылық құрам және оқытудың тиімділігі; Ғылыми-зерттеу жұмысы (шығармашылық әрекет); Студенттік ресурстар мен қызметтер; Қоғамды ақпараттандыру.

Аккредиттеу кеңесінің мүшелері оң тәжірибе ретінде: қос дипломдық бағдарламаларды және халықаралық серіктестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізу; практикалық компоненттерді білім беру бағдарламаларына белсенді түрде енгізу, соның ішінде тағылымдамадан өту, жобалық жұмыс және әртүрлі секторлардың мамандарымен өзара әрекеттесу; ғылыми жарияланымдар, оқулықтар мен монографиялар үшін профессорлық-оқытушылық құрамға ынталандыру төлемдері; студенттердің оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу іс-әрекетін байытатын электрондық ресурстардың және онлайн семинарлардың айтарлықтай санына қолжетімділікті қамтамасыз ету; студенттердің академиялық алмасу бағдарламаларына қатысуы үшін әртүрлі халықаралық университеттермен және оқу орындарымен ынтымақтастығын атап өтеді.

Сыртқы аудит соңында қорытындыларды алдын ала жариялау кезінде сарапшылар университетке қабылдау процессін жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтып, ұжымның біліктілігі мен кәсіби дағдыларын атап өтті. AlmaU-да командалық рух пен өзара қолдау жоғары деңгейде екені танылды. Комиссия университеттің дамуындағы үлкен қадамдарды атап өтіп, аккредиттеу стандарттарын ұстанғаны үшін алғыс білдірді.

Ректор өз кезегінде сарапшыларға еңбектері үшін алғысын білдірді. Гүлнар Тұрдалықызы AMBA халықаралық аккредиттеу кеңесінің сарапшысы, ал Асылбек Базарбайұлы Орталық Азия бойынша CEEMAN кеңесінің мүшесі болып табылады. Олар ұлттық жоғары білімді дамыту үшін бұл қандай күрделі де жауапты қоғамдық жұмыс екенін жақсы түсінетіндерін айтты. Президент пен ректор аккредиттеу үдерісі әрқашанда тәуелсіз көзқарас екенін, университет жұмысының сапасын арттыруға сырттан көмек көрсету іс-шарасы екенін атап өтті.

Құрметті әріптестер, ұстаздар, студенттер, серіктестер! Аккредиттеуге дайындық процесіне үлес қосып, сыртқы аудитті дайындауға атсалысқандарыңыз және комиссияның сапары кезінде белсенді әрекет еткеніңіз үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! AlmaU енді 2031 жылдың 10 мамырына дейін аккредиттелді. AlmaU ең ұзақ мерзімге – 7 жылға аккредитациядан өткен Қазақстандағы үшінші университет. Біріншісі 2020 жылы Сәтбаев университеті (Алматы), екіншісі 2023 жылы Бөкетов университеті (Қарағанды) болды.

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок